phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

     «Кітап оқитын ұлт – зерделі ұрпақ» кездесу

    «Кітап оқитын ұлт – зерделі ұрпақ» кездесу

    10 желтоқсан күні, сағат 14.00-де кітапханада «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы аясында «Кітап оқитын ұлт – зерделі ұрпақ: ұлттық мақсат, ортақ міндет, бірегей бағыт» атты маңызды кездесу ұйымдастырылады.

    Іс-шараның басты қонағы — Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан Кітапханалар одағының төрағасы Ғазиза Құдайбергенқызы Нұрғалиева.

    Кездесудің басты мақсаты — қоғамда оқу мәдениетін ілгерілету, «Оқитын ұлт» қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бастамаларды жүзеге асырудағы кітапханалардың стратегиялық рөлін айқындау, сондай-ақ республикалық және өңірлік кітапханалар арасындағы кәсіби тәжірибе алмасуды нығайту.

    Жиын барысында қарастырылатын негізгі бағыттар:

    • «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын іске асыру тетіктері мен кітапхана ісін жаңғырту;
    • Жастарды кітап оқуға тартудың заманауи әдістері мен креативті жобалар;
    • Кітапхана саласындағы цифрлық трансформация, қорларды цифрландыру және жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
    • Өңірлік және ауылдық кітапханалардың әлеуетін арттыру бойынша ортақ міндеттер.

    Шараға облыстың кітапхана саласының мамандары қатысады. Кездесу ашық пікірталас форматында өтіп, қатысушылар спикерге өз сұрақтарын қоя алады.

    Байланыс телефоны: 26-13-33 (119)


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp