phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

    «Қалам мен тағдыр үндестігі»: дөңгелек үстел

    «Қалам мен тағдыр үндестігі»: дөңгелек үстел

    20 қарашада сағат 14.00-де кітапханасында Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

    Ұлы жазушының шығармашылық мұрасы – ұлттық әдебиетіміздің алтын қорындағы асыл қазыналардың бірі. Қаламгердің туындылары арқылы қазақ халқының тарихы, тағдыры, ұлттық болмысы мен рухани құндылықтары кеңінен көрініс тапты. Оның «Соңғы көш», «Тағдыр», «Дарабоз» сынды танымал туындылары қазақ әдебиетінде айрықша орын алады.
    Шараның мақсаты – Қабдеш Жұмаділовтің әдеби мұрасын насихаттау, қаламгер шығармаларындағы тарихи шындық пен ұлттық рухты зерделеу, оқырмандарға жазушының көркемдік әлемін тереңірек таныстыру.
    Шараға спикер ретінде шақырылған тарихшы Қ.Балтекенов, этнограф Е.Кәрімбекұлы, тағы басқа қатысушылар қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығы, тарихи романдарының көркемдік ерекшеліктері, шығармаларындағы ұлттық құндылықтар мен тарихи таным мәселелері туралы пікірлерін ортаға салады. Қатысушылар жазушы туындыларының қазақ әдебиетіндегі орны туралы ой бөлісіп, шығармалардан үзінділер оқып, олардың бүгінгі ұрпақ үшін маңызын саралайды.
    Кездесу – қаламгер мұрасын кеңінен танытуға, әдеби талғамды қалыптастыруға және оқырмандардың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тағылымды басқосу болмақ.
    Қабдеш Жұмаділовтің әдеби мұрасын зерделеу арқылы біз халқымыздың өткеніне үңіліп, бүгінін бағамдап, келешекке көз саламыз.
    Сіздерді шарада күтеміз!


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp