phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

    «Азаттықтың ақ таңы»: тарихи таймлайн

    «Азаттықтың ақ таңы»: тарихи таймлайн

    10 желтоқсан күні сағат 10.00-де  кітапханада «Азаттықтың ақ таңы» атты тарихи-танымдық кездесу өтеді.

    Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиетті дәріптеу, ел мен жер тарихын құрметтеуге, тәуелсіздіктің қадірін түсінуге тәрбиелеу. Сонымен қатар тарихи жадыны жаңғыртып, ұлт болашағына бейжай қарамайтын саналы ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу.

    Кездесудің құрметті қонақтары – қазақтың белгілі әншісі, композитор, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халық жүрегінен орын алған «Анамның тілі», «Желтоқсан желі» әндерінің авторы Әбиірбек Берденұлы Тінәлиев және публицист-жазушы, баспагер, Желтоқсан оқиғасының тікелей қатысушысы, «Алматы. 1986. Желтоқсан» және «Желтоқсан көтерілісі» атты көптомдық айғақ-кітаптар сериясының құрастырушысы әрі шығарушысы Талғат Айтбаев қатысады.

    Шара «Желтоқсан-86» облыстық ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылып отыр.

    Кездесу барысында қонақтар ел тарихы мен ұлт тағдыры, туған жерге деген құрмет, тәуелсіздіктің мәні мен маңызы, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік туралы ой бөліседі. Жас ұрпаққа елін сүюдің, жерін қадірлеудің, ана тілін ардақтап, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызы жөнінде тағылымды әңгіме өрбиді.

    Әңгіме барысында Әбиірбек Тінәлиевтің елдік пен ерлікті, ана тілі мен туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндерінің шығу тарихы айтылып, өнер арқылы ұрпақ санасына отаншылдық сезім ұялату жайы сөз болады. Ал Талғат Айтбаев тарихи деректер мен жеке естеліктер негізінде ел тарихын танудың, өткенді бағалап, одан тағылым алудың маңызын әңгімелейді.

    Кездесу жас буынның елдік сана-сезімін қалыптастырып, ұлттық рухын нығайтуға, туған жердің әрбір жетістігі мен тарихына мақтанышпен қарауға бағытталады. Қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, қонақтармен еркін пікір алмасып, рухани тағылым алады.

    Құрметті қауым!

    Сіздерді ел тарихын құрметтеу, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет пен азаматтық жауапкершілік дарытуға арналған тарихи-танымдық кездесуге шақырамыз!


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp