|
Ясауи оқулары
03 Қар
10 қарашада кітапханада Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ұлт ұстазы» атты танымдық сағат өтті.
Шараға қаламыздағы №35 орта мектебінің 6-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар ағартушының өмір жолы мен педагогикалық қызметі, шығармашылығына шолу жасалды. Сонымен қатар балалар ағартушының әдеби мұрасымен танысты.
Оқушылар үш топқа бөлініп, жазушының әңгімелерін оқып, мазмұны мен тәрбиелік мәнін талқылады. Шара соңында танымдық викторина ұйымдастырылып, оқушылар өз білімдерін ортаға салды.
Тағылымды кездесу оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ұлы ағартушының шығармалары арқылы білімнің, еңбектің маңызын ұғынуға мүмкіндік берді.