phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Ұлт санасы / «Миллат виждони»

«Ұлт санасы / «Миллат виждони»

10 тамыз - Абай күні. Осыған орай кітапханамызда өзбек тілінде жарық көрген Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған «Миллат виждони» / «Ұлт санасы» кітабының авторы, белгілі Наманган жазушысы, Өзбекстан Жазушылар Одағының мүшесі Исокжон Нишоновпен Zoom платформасында онлайн кездесу өтті.

Millat 2Исокжон Нишонов 1951 жылы Өзбекстан Республикасының Наманган облысы Тұрақұрған ауданы Шаханд ауылында колхозшы отбасында дүниеге келген. Орта мектепте білім алған. Мектепті бітіргеннен кейін Кеңес Армиясы әскерлерінің қатарында қызмет етті. Әскерден кейін колхозда жұмыс істеді. Сонымен бірге ЖОО-ға «өзбек тілі мен әдебиеті» факультетінің сырттай бөліміне түсті.
Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап шығармашылық жұмыстармен айналысады.
Оның алғашқы әңгімесі аудандық газетте жарық көрді. Исокжон көптеген қысқа әңгімелер жазды. «Ауған шамоли» - оның алғашқы 15 томдық роман-сериясы.
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиеевтің «Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын ауқымды зерттеу және танымал ету туралы шешімі негізінде» «Миллат виждони»/ «Ұлт санасы» романы жарық көрді, 2023 жылдың сәуір айында Астана қаласында өткен Халықаралық «Eurasian Book Fair - 2024» кітап көрме-жәрмеңкесінде бұл романның тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты. Автор біздің кітапханаға бір данасын сыйға тартқан.
Автор, қазақтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбайұлы туралы баяндайтын «Ұлт санасы» романы үшін Құрмет грамотасына ие болды.
Онлайн эфирға автордан басқа Давлотлоб кітапханасы, Өзбекстанның зиялқауым өкілдері қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды, Исакжон ака Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын қалай зерттегенін, зерттеу барысында Жидебайға келіп, Ұлы ақынның жүрген іздерімен осы туындыны жазғанын, өзбек халқы Абайды құрметтейтіндерін айтып, кітапханамызға алғысын білдірді.
Онлайн эфирдың толық нұсқасын кітапханамыздың әлеуметтік желілерінен, Ютуб парақшамыздан көре аласыздар. Кітаптың электрондық нұсқасын "Біздің Абай" электрондық кітапханасынан оқи аласыздар!


Координатор: Кемешева Меруерт, т
ел.: 261-333 (ішкі. 123)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp