Цифрлық дәуірдегі инклюзия: мемлекеттік қызметкерлер кітапханада
Бүгін кітапханада мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен «Инклюзивті орта құру: қолжетімділік (кітапхана тәжірибесі)» және «Цифрлық ортадағы инклюзивті және тұрақты көшбасшылық» тақырыптарында маңызды кездесу өтті.
Іс-шара аясында қонақтарға кітапханаға экскурсия ұйымдастырылып, «Кедергісіз кітапхана» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқырмандарға арналған қызмет түрлері таныстырылды.
Сонымен қатар, қатысушылар үшін «Мемлекеттік қызметшіге көмекке келетін ЖИ-құралдары: инклюзивті тәсіл» атты шеберлік сыныбы (мастер-класс) өткізілді. Онда заманауи жасанды интеллект технологияларын мемлекеттік қызметте және инклюзивті ортаны дамытуда тиімді қолданудың амалдары көрсетілді.
Кездесу қоғамда тең мүмкіндіктер ортасын құру, цифрлық трансформацияны ілгерілету және мемлекеттік сектормен өзара ынтымақтастықты нығайту бағытындағы маңызды қадам болды.































