phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

    «Жырың болып төгілемін»: Өскеменде облыстық оқушылар айтысы өтеді

    «Жырың болып төгілемін»: Өскеменде облыстық оқушылар айтысы өтеді

    2026 жылғы 22 қазанда сағат 11:00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Республика күніне орай «Жырың болып төгілемін» атты облыстық оқушылар айтысы өтеді.

    Шығармашылық дода кітапханадағы «Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебінің» ұйымдастыруымен өтеді. Айтысқа Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 5–11 сынып оқушылары қатысады.
    Айтыстың басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі айтыс өнерін жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырыпсалмалық қабілетін шыңдау, шығармашылық ізденісіне қолдау көрсету. Сонымен қатар қатысушылар өз жырларында Отан, ел бірлігі, тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар, туған жер және Шығыс Қазақстаннан шыққан тарихи тұлғалар мен көрнекті қайраткерлер тақырыптарын арқау етеді.
    Сахна төрінде жас ақындар домбырамен өнер көрсетіп, суырыпсалмалық, тапқырлық, шешендік және қарсыласының сөзіне іліп әкетіп, ұтымды жауап беру шеберлігін танытады. Әр жұпқа 15–20 минут уақыт беріледі. Айтыс қорытындысы бойынша жоғары ұпай жинаған төрт ақын финалдық кезеңге жолдама алады.
    Жас ақындардың өнерін облыс және республика көлеміне танымал бес ақыннан құралған қазылар алқасы бағалайды. Қатысушылардың сөз саптауы мен тіл шеберлігі, суырыпсалмалығы, тапқырлығы, тақырыпты ашуы, қарсыласына жауап беру шеберлігі, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі және сахна мәдениеті ескеріледі.
    Айтыстың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Ал Бас жүлде иегеріне арнайы марапат табысталады.
    Ұлттық сөз өнерінің жалғасын табар жас буынның басын қосатын бұл дода – жас ақындарға өз талантын танытып, айтыс өнерінің дәстүрін жаңа буынмен жалғастыруға мүмкіндік беретін маңызды шығармашылық алаң болмақ.
    Өтетін орны: А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы
    Өтетін күні: 22 қазан 2026 жыл
    Уақыты: 11:00
    Байланыс телефоны: 8 778 113 02 63
    Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp