«Наурызегім, келдің бе?» өлеңдер жинағы мен «Ұрпағыма» әнінің тұсаукесері.
23 қазан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ардагер ұстаз, ақын Саманова Сағдат Сламбекқызының «Наурызегім, келдің бе?» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
Шығармашылық кеш барысында автордың өмір жолы мен өнердегі ізденістері, ақындық және айтыскерлік қыры таныстырылды. Жаңа жинаққа енген Отан, туған жер, ана тілі, ұлттық құндылықтар мен адамгершілік тақырыптарындағы өлеңдері оқырман қауымға кеңінен таныстырылды.
Кездесу аясында автордың «Ұрпағыма» атты жаңа әні алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Кеш қонақтары әдебиет пен поэзияның құндылығы, ұлттық өнердің маңызы туралы ой бөлісіп, авторға жылы лебіздерін білдірді.
Рухани жүздесу оқырмандарға ерекше әсер сыйлап, ұлттық әдебиет пен өнерге деген құрметті арттырған мазмұнды шығармашылық кешке айналды.



























