phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

    "Әр күнге деген сүйіспеншілікпен-30 жыл бірге" атты мерекелік концерт

    "Әр күнге деген сүйіспеншілікпен-30 жыл бірге" атты мерекелік концерт

    1 қазан күні А. С. Пушкин атындағы кітапханасында Қарттар күніне және «Достар шеңберінде» әдеби-музыкалық клубының 30 жылдық мерейтойына арналған "Әр күнге деген сүйіспеншілікпен-30 жыл бірге" атты мерекелік концерт өтті.

    Мерекелік бағдарламада сүйікті әндер, романстар мен өлеңдер шырқалды, клуб мүшелері көрермендерге өз шығармашылығын, жылуы мен көтеріңкі көңіл күйін сыйлады. «Достар шеңбері» клубының көпжылдық белсенділігі мен шығармашылық қызметі және оның дамуына қосқан айрықша үлесі үшін клуб жетекшілеріне, қатысушыларына және белсенділеріне алғыс хаттар мен гүл шоқтары салтанатты түрде табысталды. Шара барысында «Достар шеңбері» клубының тарихы, оның мүшелері мен қызметіне қатысты естеліктер айтылып, өмірден өткен ардақты жандар құрметпен еске алынды. Экраннан архивтік фотосуреттер көрсетіліп, қатысушылар өткен жылдардың маңызды кезеңдері мен есте қаларлық сәттерін еске түсірді. «Достар шеңбері» әлі де талай жылдар бойы әндер мен өлеңдер шырқалатын, жүректер тоғысатын, шабыт туып, достар әрдайым қуана қарсы алынатын орын болып қала бермек!

     

    v krugu druzey 1 v krugu druzey 2 v krugu druzey 3 v krugu druzey 4 v krugu druzey 5 v krugu druzey 9 v krugu druzey 11
    v krugu druzey 13 v krugu druzey 14 v krugu druzey 16 v krugu druzey 17 v krugu druzey 19 v krugu druzey 20 v krugu druzey 21

     


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp