phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Көзімді жұмсам да көрем сені...» кітабының тұсаукесері

«Көзімді жұмсам да көрем сені...» кітабының тұсаукесері

20 қыркүйек күні кітапхананың ұйымдастыруымен журналист, публицист, ақын. Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысының, Катонқарағай ауданының, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлының «Көзімді жұмсам да көрем сені...» кітабының тұсаукесері өтті.

Кітап тұсаукесеріне жерлес ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері, ұстаздар, студенттер және оқушылар т.б. қатысты.

Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы - әдебиетке кешірек келсе де қарымды журналист ретінде талай тұшымды мәселелер көтерді. Тіл  және ұлттық салт-дәстүр мәселелерін көтерген публицистикалық мақалалары халық көкейінен шығып, талай оң шешімдердің орындалуына ықпал етті. Жазушы, ақын, журналист ретінде танымал жерлесіміз драма жанрына да қалам тербеген.

 Ә. Қаңтарбаев - «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Қыран ғұмыр», «Сол бір кез есімде», «Армандастар», «Алаш азаматы», «Өзегім от пен жалын, өртті демім», «Жұлдыздар сөнбейді», «Тұлға», «Қасқыр тірлік», «Дөңгеленген дүние»  сияқты прозалық және поэтикалық кітаптардың авторы. Автор өзінің публицистикалық очерктерінде Шығыс Қазақстанның белгілі өнер, еңбек адамдары, қоғам қайраткерлері жайлы сөз қозғайды.

Әлібек Қалиұлы бұл деректі реквиемін өмірден озған жан-жары  Гүлжан Әділқазықызының аруағына бағыштаған. Шығармада жер басып жүрген барша пенделерге  адам баласын Адам етіп қалыптастыратын Махаббат, Тұрақтылық, Қызғаныш, Ғашықтық, Кісілік, Кішілік, Адамгершілік сынды ұлы ұғымдардың баршасын кие тұтуға, қадірін білуге шақырады.

 Әлібек Қ 13  Әлібек Қ 15  Әлібек Қ 14  Әлібек Қ 9  Әлібек Қ 8  Әлібек Қ 2
 Әлібек Қ 19  Әлібек Қ 4  Әлібек Қ 1  Әлібек Қ 20  Әлібек Қ 17  Әлібек Қ 3
 Әлібек Қ 21  Әлібек Қ 18  Әлібек Қ 11  Әлібек Қ 6  Әлібек Қ 16  Әлібек Қ 5

Байланысшы: Абылгазинова Гульбаршын

Байланыс тел.: 26-13-33


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp