phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Батыр Баян» сурет сөз-альбомының тұсаукесері

«Батыр Баян» сурет сөз-альбомының тұсаукесері

10 қараша күні  А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Асыл Сұңғатқызының «Батыр Баян» сурет сөз-альбомының таныстырылымы өтті.

Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Батыр Баян» поэмасын сурет сөз арқылы берген Асыл Сұңғатқызының бұл үшінші альбомы.
Асыл Сұңғатқызы «Ш.Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейінің 9 «Д» сынып оқушысы. Оқу озаты, сурет салғанды, домбырада ойнағанды, кітап оқығанды жақсы көреді. Дебат қауымдастығының мүшесі. Облыстық экологиялық байқаудың жеңімпазы. Қалалық, облыстық олимпиадалардың жүлдегері. «Алаш көсемі», «Ер Төстік» атты комикс-альбомдардың, «Мен жастарға сенемін» атты стикерпактың авторы. 
Жалпы комикс – суретпен салынған оқиға. Туынды әдебиет пен сурет өнерін ұштастырады. Шығарма кейіпкерлерін оқырман қауымға комикс форматында таныстыру – қазіргі таңда жасөспірімдер арасында танымалдылыққа ие болған шығармашылық ізденістің жаңа бір түрі.
Асылдың жаңа альбомында Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы суреттелген. Альбом жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті баяндайды.

Асыл Сұңғатқызы:  «Батыр Баян» сурет сөз-альбомы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арнап шығарылды. Ең бірінші осы шығарманы оқыған болатынмын. Шығарма ойда жүріп, соны таңдап, зерттеп, оқиға желісін ықшамдап, соны суретпен беруге тырыстым.  Жалпы осы жоба өте қызықты болды, жүзеге асыруға жеті ай уақыт кетті.

 batyrBayan 7  batyrBayan 2  batyrBayan 5  batyrBayan 1  batyrBayan 6  batyrBayan 3
 batyrBayan 1  batyrBayan 2  batyrBayan 8  batyrBayan 4  MER 7039  batyrBayan 4

Байланыс тел.: 261-333 (123)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp