phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі»:  әдебиеттер көрмесі

«Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі»: әдебиеттер көрмесі

15 қараша – Қазақстанның Ұлттық валютасына 30 жыл толады. Осыған орай, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Ұлттық валюта – егемен елдің белгісі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме үш бөлімді қамтыды.

1993 жылдың 12 қарашасында ұлттық валюта енгізу туралы жарлыққа қол қойылды. Араға үш күн салып, 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енгізілді. Бұл күн Ұлтық валютаның туған күні болып саналады.
Алғашқы қазақстандық монеталар Германияда жезден және никель күмістен жасалды. Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірледі.
Теңге тарихына, айналымға енуіне байланысты М.Молдабаева «Төл теңгеміздің тарихы», «Қазақстан теңге сарайы», «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы», Е.Ш.Шаймерденов «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері», «Елтаным» сынды әдебиеттерден қарай аласыздар. «Қазақстан теңге сарайы» кітабында егемен еліміздің валютасы - төл теңгеміз және оның бетінде бейнеленген тарихи тұлғалар мен монеталардың жасалуының сапасы жайлы сөз қозғалады. Еліміздің алғашқы Президентінің «Қазақстан жолы» жинағында ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы қадамдар ашып көрсетілсе, Баймұратов О. «Қазақстан қаржы нарығы» еңбегі бүгінгі отандық қаржының жай-күйін, қаржы саласының дамуының негізгі бағыттарын баяндайтын басылым.
Сонымен қатар, көрмеге қаржылық сауаттылықты арттыруға көмектесетін Б. Аманжол Рысмендиев «Өрлеу», Арман Әлменбет «Берекелі бизнестің сыры», Аяған Сандыбай мен Еділ Әзімшайықтың «Брендке барар жол» сондай – ақ «Forbes.kz» журналы сынды т.б еңбектер қойылды. «Оқуға тиіс 10 кітап» сериясымен жарық көрген «Табыс», «Байлық», «Менеджмент», «Маркетинг» жинақтарында байлық тақырыбын зерттеген әлемге әйгілі ғалымдардың он кітабы еніп отыр.
Ұлттық теңгенің айналымға енуі – санғасырлық тарихы бар теңгені бүкіл әлемге танытты. Бүгінгі күні ұлттық теңгеміз үш жыл қатарынан - 2011, 2012, 2013 - әлемдегі ең әдемі ақша деп танылып, 18 қорғаныс дәрежесі бар әлемдегі қорғалатын валюталардың біріне айналған.
Құрметті оқырмандар, сіздерді Ұлттық валюта - Теңге күнімен құттықтаймыз! 
Кітап көрмесін тамашалауға шақырамыз!

tenge 1 tenge 1 tenge 2 tenge 2 tenge 3 tenge 3

 

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp