phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

 «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!»: республикалық онлайн форсайт-форумы

«Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!»: республикалық онлайн форсайт-форумы

7 желтоқсан күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, ағартушы, Алаш партиясының Семей облыстық комитетінің мүшесі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!» атты республикалық онлайн форсайт-форумы өтті.

toraigyrov 1Онлайн форсайт-форумға ақын өмірі және шығармашылығын зерттеумен айналысып жүрген белгілі ғалым, зерттеушілер: филология ғылымдарының докторы, профессор, Семей қаласының Құрметті азаматы Арап Сіләмұлы Еспенбетов; Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Айман Ералықызы Айтбаева; тарих ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ержан Мұратұлы Торайғыров; ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сайлау Байбосын; өлке зерттеуші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Тоқтар Мағзұмов және С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық ғылыми кітапханасының қызметкері Жайсаңғалиева Гүлбаршын Орынғалиқызы, облысымыздың көпшілік және мектеп кітапханашылары, студенттер, оқушылар қатысты.
toraigyrov 2Форум барысында С. Торайғыров шығармашылығының ерекшеліктері және оның қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесі, ақын жайлы естеліктер айтылып, әдеби мұрасын сақтау, насихаттау барысындағы жетістіктер, өзекті мәселелер және т.б. тақырыптарда баяндамалар жасалып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Онлайн форсайт-форумның толық нұсқасын кітапханамыздың YouTube парақшасынан көре аласыздар.

 https://youtu.be/js3oWWTfgTI?si=OVXE6fmGFki_2jnT

Байланыс тел.: 261-333 (123)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp