«Табиғат түстері»: сурет көрмесі
23 қазанда Республика күніне орай кітапханада «Табиғат түстері» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің мақсаты – туған жер табиғатының сұлулығын бейнелеу өнері арқылы насихаттап, суретшілердің шығармашылығын көпшілікке таныстыру.
Көрмеге Мәди Бейсханұлы, Әділет Болатұлы және Гүлсім Еркінқызының туындылары қойылды. Келушілер суретшілердің табиғат көріністерін өзіндік көзқараспен бейнелеген еңбектерімен танысып, олардың шығармашылық ерекшеліктеріне назар аударды.
Шара барысында «Жұлдыз» өнер мектебінің шәкірттері өнер көрсетіп, көрменің көркемдік мазмұнын толықтыра түсті. Сондай-ақ суретшілерге шығармашылық еңбектері мен бейнелеу өнерін насихаттауға қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді.
Көрме қатысушыларға табиғат әсемдігін өнер арқылы сезініп, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.































