phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

    «Ақтанымын Алтайдың»: Өскеменде облыстық Ақтан Нұрбаев оқулары

    «Ақтанымын Алтайдың»: Өскеменде облыстық Ақтан Нұрбаев оқулары

    5 қарашада сағат 11:00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі айтыс ақыны, жазба поэзияда өзіндік орны бар Ақтан Нұрбаевтың шығармашылығына арналған «Ақтанымын Алтайдың» атты облыстық оқушылар оқулары өтеді.

    Байқауды кітапханадағы Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебі ұйымдастырады. Оған Өскемен қаласы мен облыс аудандарындағы мектеп оқушылары қатысады.
    Оқулардың мақсаты – ақынның әдеби мұрасын жас ұрпақтың санасында жаңғырту, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, жас таланттарды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін шыңдау.
    Байқау шарты бойынша қатысушылар Ақтан Нұрбаевтың ережеге қосымша берілген 25 өлеңін толық жатқа білуі керек. Олар бір өлеңді мәнерлеп оқып, қазылар алқасы ұсынған өлең жолдарын кідіріссіз жалғастыру арқылы білімдері мен есте сақтау қабілеттерін көрсетеді.
    Қатысушылардың өнерін әдебиет пен мәдениет өкілдерінен құралған қазылар алқасы өлеңдерді жатқа білуі, сахна мәдениеті және мәнерлеп оқу шеберлігі бойынша бағалайды. Жеңімпаздар бірінші, екінші және үшінші орындар бойынша марапатталып, барлық қатысушылар мен жетекші мұғалімдерге де марапаттар табысталады.
    Байқауға қатысу үшін өтінімді 2026 жылғы 2 қарашаға дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жолдау қажет.


    Қосымша ақпарат алу үшін:
    8 778 113 02 63 (Қуаныш Еркін).


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp