phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Ақын Серік Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған   «Ғабдуллин оқулары - 2024» облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

Ақын Серік Ғабдуллиннің шығармашылығына арналған «Ғабдуллин оқулары - 2024» облыстық байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже
«Ғабдуллин оқулары-2024» облыстық байқауы (бұдан әрі – Байқау) – ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллиннің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілуде.

2. Мақсаты мен міндеті

2.1. Серік Ғабдуллиннің шығармашылық мұрасын сақтау, зерттеу және насихаттау.
2.2. Жастардың кітап пен оқуға деген қызығушылығын қолдау және ынталандыру.
2.3. Оқушылар мен жастардың әдеби шығармашылығын дамыту.
2.4. Тіл мәдениетін жетілдіру.

3. Байқауды ұйымдастырушылар, қатысушылар және өткізілетін күні

3.1. Байқауды ұйымдастырушы – Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ.
3.2. Байқауға орта мектеп оқушылары (5-8 сыныптар), жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар), орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері және көркем сөзге қызығушылық танытқан ересектер қатыса алады.
3.3. Байқауға қатысуға өтініштер және шығармашылық жұмыстар 2024 жылдың 3 қаңтарынан 5 ақпанына дейін қабылданады.
3.4. Байқау 2024 жылдың 16 ақпанында сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өтеді. Мекен-жайы: Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 102.

3. Конкурстың шарттары

3.1. Ғабдуллин оқуы мемлекеттік тілде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- С. Ғабдуллинге арналған өз өлеңдері;
- С. Ғабдуллиннің өлеңдеріне жазылған әндер;
- С. Ғабдуллиннің өлеңдерін мәнерлеп оқу.

3.2. Қатысушылардың өтінімдері мен шығармашылық жұмыстарын Байқаудың ұйымдастыру комитетіне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық пошта мекенжайларына немесе Қазақстан көшесі, 102 (А. С. Пушкин атындағы кітапхана) «Ғабдуллин оқулары-2024» белгісімен жіберу қажет. Өтініштер осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес қабылданады.

3.3. Байқау нәтижелері А.С. Пушкин атындағы кітапхананың https://www.pushkinlibrary.kz сайтында және Facebook әлеуметтік желісіндегі кітапхананың https://www.facebook.com/groups/pushkinlibrary.kz парақшасында жарияланады.

4. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
4.1. Өз шығармаңыздың немесе жатқа оқуға арналған өлеңнің мәтіні А4 форматындағы бір парақтан аспауы керек.
4.2. Мәтін Microsoft Word түрінде, Times New Roman шрифтінде, қаріп өлшемі 14, жоларалық интервал бір жарым болуы қажет.

5. Сайысты қорытындылау

5.1. Байқауға қатысушылардың жұмыстарын тәуелсіз қазылар алқасы балдық жүйемен және жас ерекшеліктерін ескере отырып бағалайды.
5.2. Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының дауыс беруі арқылы анықталады. Жұмысты бағалау кезінде келесі критерийлер ескеріледі:
- Өлеңнің ұйқасы, көркемдік ерекшелігі, тақырыптың ашылуы (өзі шығарған өлеңдер үшін);
- мәнерлеп оқу дағдылары, сөйлеу шеберлігі (дауыс динамикасы, әуені, қарқыны мен ырғағы, сөйлеудің эмоционалды бояуы).
5.3. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 070019, Өскемен қ., Қазақстан көшесі, 102, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы.

тел.: 8 (7232) 261-333, факс: 8 (7232) 60-90-87
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Үйлестіруші: Абылгазинова Гүлбаршын, тел.: 87056241725

1-ҚОСЫМША

«Ғабдуллин оқулары – 2024» облыстық байқауына қатысуға өтініш


Қатысушының аты-жөні ___________________________________________
Оқу орны _______________________________________________________
Туған жылы/толық жасы___________________________________________
Байланыс телефоны______________________________________________

Жетекшісінің аты-жөні_____________________________________________
Шығарманың атауы және жұмыс ұсынылатын номинация (өз шығармасының өлеңі/

С. Ғабдуллиннің поэзиясына жазылған ән/ С. Ғабдуллиннің өлеңін оқу):______________________________________________________

Жұмысты көрсетуге қажетті құрал-жабдықтар (проекциялық жабдық, микрофон,

орындық және т.б.):_________________________________________________________

Күні______________ Қолы______________


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp