phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Бәйшешек»  сурет көрмесі

«Бәйшешек» сурет көрмесі

23-мамыр күні  кітапханада №45 бейімделген орта мектебінің 8-сынып оқушысы Дидарқызы Дарияның «Бәйшешек» сурет көрмесінің ашылуы өтті. Көрменің мақсаты - дарынды жас суретшіні көпшіліке таныстыра отырып, талантын ұштау, рухани қолдау білдіру.

Көрменің тұсаукесеріне Дарияның ұстаздары, сыныптас-достары, туыстары және т.б. келді. Көрмеге әдемілікке, әсемдікке жаны құмар Дарияның өзі сүйіп бейнелейтін табиғат ғажайыптары және тағы да басқа суреттері қойылды.
Дария өңірімізге белгілі жерлесіміз ҚР Суретшілер одағының мүшесі Нұрсадықов Құдаш Дәулетханұлының «SURET STUDIO» сурет мектебіне 2021 жылы 12 жасында қабылданып, екі жылдан артық уақыттан бері тәлім алып келеді.
Кішкентайынан сурет салуға құмарлық танытып, үйде салған портреттерімен таң қалдырып жүретін Дария, көпбалалы жанұяның бесінші перзенті. Жас суретшінің отбасында бұрын суретшілер болмаған, тек кейіпкерімізге тән қасиет.
2023 жылы Республикалық деңгейде Астана қаласында өткен 3500 жұмыс қабылданған халықаралық әйелдер күніне арналған сайыста, жүлделі үшінші орынды Дария иеленеді. Жюри мен келген қонақтар Дарияның шығармашылық туындысына ерекше бағасын берген.
Дария өз суреттерінің ерекше техникасы бар және суреттерін жылдам аз уақыт ішінде салғанды ұнатады.
Әрбір қатысқан сайысынан жүлделі орындар алып, түрлі наградаларға ие болып келеді.
Студия жетекшісінің айтуынша Дарияның болашағы зор, талантты шәкірт. Сондықтан оны қолдап осы көрмені ұйымдастыруға ат салысты.

 

 Daria 2  Daria 4  Daria 7  Daria 11  Daria 6  Daria 3
 Daria 1  Daria 9  Daria 10  Daria 13  Daria 5  Daria

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp