phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Болашақтың бағдары!»  DosAI – Қазақстандағы тұңғыш кітапханалық нейро-ассистенттің таныстырылымы

«Болашақтың бағдары!» DosAI – Қазақстандағы тұңғыш кітапханалық нейро-ассистенттің таныстырылымы

Бүгінгі техникалық прогресс адамды таң қалтырудан жалықпайды! Бұған дейін біз тек фантастикалық кітаптардан ғана кезіктіретін жасанды интеллект қазір өміріміздің барлық саласына, соның ішінде кітапхана қызметіне де етене енуде. Бұған А.С.  Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 7 ақпан күні сағат 11.00-де өтетін Қазақстандағы алғашқы кітапханалық нейро-ассистент – DosAI-дың тұсаукесеріне қатысып көз жеткізе аласыз.

DosAI сандық ассистенті кітапхананың негізгі сайтына (www.pushkinlibrary.kz) біріктіріліп, пайдаланушылардың сұрақтарына жедел жауап беріп, қажетті ақпаратты табуға және кітаптарды таңдауға көмектесіп, пайдаланушылардың сандық сауаттылығын арттырады. Мысалы, DosAI кітапхананың жұмыс тәртібі туралы, қалай кітапхана оқырманы болуға болады, ағымдағы іс-шаралар мен көрмелер, кітапханада жұмыс істейтін үйірмелер мен клубтар, кітапхананың қандай ресурстарынан өлкетану сипатындағы ақпаратты табуға болатынын айтып, пайдаланушының қалауын саралап, оның қалауынан шығатын кітаптарды  ұсына алады.  

Осылайша, кітапхананың нейро-ассистенті пайдаланушылардың кітапханамен күнделікті қарым-қатынасында таптырмас көмекшіге айналып, оны мүмкіндігінше ыңғайлы әрі тиімді ете түседі. Қажетті әдебиеттер мен ақпаратты іздеудің ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға, кітапхана ресурстарының қолжетімділігін дамытуға мүмкіндік береді. Электрондық каталог, жинақтар және т.б. қамтитын ақпараттық-кітапханалық өнімдер мен қызметтерді ілгерілетудің таптырмас құралы болмақ. 

Жоба тұсаукесеріне кітапханашыларды, оқытушыларды, студенттерді, IT-сала өкілдерін және білім мен мәдениеттегі инновацияларға қызығушылық танытатын барша қауымды шақырамыз.

Байланыс тел.:  26-13-33 (123)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp