«Есте жүрер есті сөз» кітабының тұсаукесері
А.С. Пушкин атындағы кітапханада Өскемен қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Аухадиев Сайлаухан Әбілханұлының 85 жасқа толуына арналған шара өтті.
Мерекелік шарада «Есте жүрер есті сөз» кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Жиынға Сайлаухан Әбілханұлының бірге жұмыс істеген әріптестері, достары, жерлестері қатысты.
Өскемен қаласының әкімнің орынбасары Смит Ирина Федоровна және Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы Светаш Александр Александрович шараның шымылдығын ашып, кеш иесіне әкімнің құттықтау хатын тапсырып, иығына шапан жапты. Кеш қонақтары ақжарма тілектерін арнап, сый-сияпаттарын жасады, шараға аудандардан арнайы келген өкілдер құттықтау сөздерін оқыды.
Есмұрат Қыдырмолдин, Жұмабек Демесінов, Нәбиолда Кемешев, Серік Құсанбаев ағалар әсем әндерімен кештің ажарын ашты.
Күршімде туып, Үлкен Нарын, Марқакөл – Боран, Тарбағатай ауданы, Шығыс өңірінде басшылық қызмет атқарған ел ағасы Сайлаухан Әбілханұлы кеш соңында жиналған жұртқа алғысын білдірді.