phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Архив

«Ақын. Ғалым. Патриот»: Дүкен Мәсімханұлымен кездесу

«Ақын. Ғалым. Патриот»: Дүкен Мәсімханұлымен кездесу

2022 жылдың 8 қыркүйек күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен қытайтанушы-ғалым, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының, Дүниежүзі синологтар қоғамының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлымен кездесу өтті.

Ғалымның ата жұртқа деген ыстық махаббаты мен бала кезінен ел құшағына оралу арманы, шетте жүрген қандастарымыздың ата жұртқа деген сағынышы жайлы айтқан көңіл тебірентерлік әңгімесі тыңдарманын ерекше әсерге бөледі.
Дүкен Мәсімханұлы 1963 жылы Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесіне қарасты Текес ауданының Ақши жерінде өмірге келіп, жастайынан өнер мен білімге әуес болып өседі. Пекиндегі Орталық ұлттық университетінің аудармашы-филолог мамандығын тәмәмдаған. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің арнайы шақыруымен тарихи Отанына оралып, келісім-шарт мерзімі біткеннен кейін Қазақстанда біржола қалып, ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қиыр шығыс елдері кафедрасында ұстаздық етеді. Ұстаздықпен қатар аударма саласында да еңбек етіп, белгілі қытай жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Дүкен Мәсімханұлы бойындағы ақындық өнері нағашы жұртынан дарығанын, атасы да елге танымал сөзге жүйрік шешен адам болғанын айта келіп, жыр жинағынан туған елге арналған тамаша бірнеше өлеңін оқып берді.
Ақындық, аудармашылық пен ғылым саласының тізгінін қатар ұстап, ұлт болашағына адал еңбек етуді мақсат еткен Дүкен Мәсімханұлымен өткен 2 сағаттық кездесуде оқырман көңіліндегі сан сауалға жауап беріп, қазақ елінің дамуы мен өркендеуі жолында тер төгіп, еңбек ету әрбір азаматтың борышы екенін айтып жеткізді.
Дүкен Мәсімханұлына зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз!

akimb1 5 akimb1 2 akimb1 7 akimb1 9 akimb1 6  

 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp