20 қыркүйек А.С. Пушкин атындағы кітапханада жерлес жас ақын Құндыз Тасқынбекқызының «Жүректегі көбелек» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Құндыз Тасқынбекқызы 2017 жылы Абай атындағы №33 орта мектепті үздік бітіріп, 2022 жылы Қазақстан-Американ еркін университетінің «Қазақ тілі әдебиеті. Тіл маманы» мамандығын тәмамдаған.
«Жауқазын жыр», «Жүректегі көбелек» жыр жинақтарының авторы. Облыстық «Дидар» газетінің 85 жылдығына арналған мүшәйраның «Бас жүлде» иегері. Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына арналған Республикалық мүшәйраның 2-орын, «Қабілет» «Өнеге», «Дарабоз», «Лидер.kz», «Эрудит», «Қабілет» ғылыми орталықтары ұйымдастырған жыр бәйгелерінің I дәрежелі дипломының, «Алаш» өнер орталығы өткізген Республикалық Мұқағали оқуларының бас жүлде иегері.
Жас ақынның кешіне шығысқа танымал келесі зиялы қауым өкілдері қатысты: ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Бақытжан Раисова, драматург, белгілі ақын Әскерхан Ақтай және жас ақындар Қызырбек Дүргінбай, Оразай Жеңісұлы, Дәулетберді Жекей, Дана Смағұлқызы және т.б.
Оның мерзімді басылымдарда басылған өлеңдеріне және алғашқы жыр жинағына шыққан балаң жырлары ақындар арасында жоғары бағасын алған.
Кездесуде жас ақын жастармен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті. Шығармашылыққа қабілетті жастардың өнерге деген қызығушылығын оятып, ізденісте жүрген жастарға бағыт-бағдар берді. Іс-шара әнмен әрленіп, ақын өлеңдерімен өрнектелді. Жастар тарапынан қызықты сауалдар қойылып, ақын туындыларынан өлеңдер оқылды.
Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
Тел.: 87055412525