phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Әдебиет және креативті индустрия»: дөңгелек үстел

«Әдебиет және креативті индустрия»: дөңгелек үстел

20 қарашада  кітапханада «Әдебиет және креативті индустрия: креативті индустрия аясында әдебиеттің дамуы мәселесі» атты дөңгелек үстел өтті.

2025 жылдың 20 қарашасында кітапханада «Әдебиет және креативті индустрия: креативті индустрия аясында әдебиеттің дамуы мәселесі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара қазіргі мәдени кеңістіктегі әдебиеттің жаңа даму бағыттарын, шығармашылықтың экономикалық әлеуетін және әдебиетті креативті индустрия секторы ретінде қарастыру мәселелерін талқылауға арналды.
Шараға Өскемен қаласы әкімдігінің «Креативті индустрияны дамыту орталығы» КММ басшысы Нұржан Жомартқан және орынбасары Азамат Сейтқанұлы,  филолог Еділбаева Гүлжан Бақытбекқызы, жазушы Кәрібек Шопатов, айтыскер-ақын Қуаныш Еркін, жазушы Қашқынбаев Талғат Саккоұлы, Күлмай Сембайқызы және басқа да мамандар қатысты.
Бас спикерлер қазіргі әдебиеттің креативті индустриямен байланысын, оның ішінде:
 • цифрлық әдебиеттің дамуы,
 • авторлық контент арқылы табыс табу мүмкіндігі,
 • кітаптың брендке айналу үрдісі,
 • жастар әдебиетін қолдау шаралары,
 • кітапхана — креативті платформа ретіндегі рөлі сияқты мәселелерді талқылады.
 Дөңгелек үстел барысында ақын, аудармашы, ҚР Мәдениет пен ақпарат саласының үздігі Саят Қамшыгер, сондай-ақ Айбек Оралхан тақырып бойынша бейнежолдау жолдап, бүгінгі әдеби үрдістің жаңа формаларын дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті.
 Қатысушылар талқылау қорытындысында келесі ұсыныстарды алға тартты:
✔ әдебиетті креативті индустриямен ұштастыру;
✔ жас қаламгерлерге арналған цифрлық алаңдар ашу;
✔ әдеби подкасттар, фестивальдер және мультимедиялық жобалар ұйымдастыру;
 Іс-шара қатысушыларға шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындап, әдебиеттің қоғамдағы рөлін кеңейтудің мүмкіндіктерін көрсетті.
 Kreativtı industria 2  Kreativtı industria 4  Kreativtı industria 5  Kreativtı industria 6  Kreativtı industria 7  Kreativtı industria 11
 Kreativtı industria 13  Kreativtı industria 8  Kreativtı industria 10  Kreativtı industria 9  Kreativtı industria 3  Kreativtı industria 12

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp