phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Тәуелсіздік тұғыры»

«Тәуелсіздік тұғыры»

Құрметті оқырмандар! Қадірменді әріптестер! Еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белестердің бірі – 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация». Бұл құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады. Осы тарихи күннің 35 жылдығына орай А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Тәуелсіздік тұғыры» атты интерактивті кітап көрмесін ұйымдастырып отыр.

Экспозицияның негізгі бөлімдерінің бірі «Қазақстан: жаңғыру кезеңі» деп аталады. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің саяси, экономикалық, мәдени, өнер салаларында қандай өзгерістер орын алды осы жайында көрмеде ұсынылған кітаптар сыр шертеді.

Жас республиканың алғашқы батыл қадамдарының бірі Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы және ядролық арсеналдан бас тарту болды. Осы тарихи оқиға туралы жазушы, куәгер Медеу Сәрсекеевтің «Семей қасіреті» атты туындысынан оқи аласыздар.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының ақиқаты» кітабында еліміздің шекарасының қалыптасу тарихы баяндалады. Жазушы-публицист, геральдика зерттеушісі Ербол Шаймерденовтің «Елтаным», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері» атты еңбектерінде мемлекеттік рәміздердің тарихы тартымды әрі түсінікті түрде сипатталған.

Қазақстан әрқашан ғарыш айлағы болған. Егемендік туралы декларация қабылданғаннан кейін бір жыл өтпей, қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа сапар шекті. 1998 жылы тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты. Қазақстан ӘӘК-нің генерал-майоры Айдын Айымбетов әлемнің 545-ші ғарышкері атанды. Республиканың алғашқы жылдарындағы ғарышкерлеріміздің ерліктері туралы «Қазақстан ғарышкерлері» атты анықтамалықтан біле аласыздар.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жұмыс істеу халықаралық дипломатияның биік шыңдарының бірі. 2017 жылы Қазақстан осы белесті бағындырды. «Әлемдік саясаттың алдыңғы шебінде. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде – 2017-2018 жылдар» кітабы еліміздің БҰҰ ҚК-дегі қызметіне байланысты есте қаларлық, маңызды оқиғалардың айнасы.

Ең ынталы қонақтарымыз көрме аясындағы викторинаға қатыса алады. «Егемендік» ұғымы қалай түсіндіріледі? 1991 жылдың қазанында қандай оқиға болды? «Қазақстан-2030» стратегиясы қашан қабылданды? «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қай жылы іске асырыла бастады? Осындай қызықты сұрақтарға жауап іздеу сізді кітаптар әлеміне жетелейді.

Көрмеге қош келдіңіздер!

Байланыс тел.: 261333 

 


 DosAI

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp