Лариса Мартынованың «Поэзиялық геометриясы»
26 қараша күні кітапханадаталантты жазушы, «Звено Алтая» өңірлік әдеби бірлестігінің құрылтайшыларының бірі, суретші, Шығыс Қазақстан өнер музейінің маманы, «Үш жол» шығармашылық клубының жетекшісі Лариса Ивановна Мартыновамен шығармашылық кездесу өтті.
Лариса Ивановна биыл 70 жасқа толып отыр. Кездесуге жазушының әріптестері, жерлес ақын-жазушылар, студентер қатысты.
Л. И. Мартынова – 1998 жылдан бері өлең жазады, Рудный Алтай» газеті, журналах «Восток», «Простор» (Алматы), «Нива» (Астана), «Бийский вестник» (Бийск) журналдарында, қазақстан ақындарының «Жемчужная поэзия Казахстана» (Астана), «Провинция» (Петропавловск) жинақтарында, «Огни гавани» (Санкт-Петербург) жинағында жарияланды.
«Обратная перспектива» (2012), «Это стихи» (2013), «Изумрудный Алтай» (2014) кітаптары мен жыр жинақтарының авторы. Л. И. Мартынованың өнертанушылық, әдеби-сыни мақалалары Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы, 2014),Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайы (Алматы, 2014), Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды қорық-мұражайы (Семей, 2015), Павел Васильев Мұражай-Үйі (Павлодар, 2009) конференциясы материалдары, Қазақстан және Ресей баспаларында жарияланады
Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдениеті қоғамы, Шығыс Қазақстан Өнер мұражайы және Алтай өлкесі Әкімдігінің қаржылық қолдауымен «Над Свято-Троицким поют колокола» (Барнаул, 2013), «Борис Французов. Графика» (Барнаул, Усть-Каменогорск, 2015) баспа жобаларының авторы және қатысушысы
Бейнелеу өнеріне әуестеніп, «пастель» техникасымен жұмыс істейді. «LambertAkademicPublishing» баспасымен бірлесіп, «Объективная мистика искусства» баспа жобасына қатысады.
Шығармашылық конкурстардың дипломанты және лауреаты, соның ішінде, қалаға арналған өлеңдер конкурсында 2-ші орын, Абай өлеңдерін аударғаны үшін «Свободной музы приношенье» (2006) конкурсында 1-орын және «Мусагет» әдеби қорының шығармашылық конкурсының дипломанты және шеберлік класының куәлігін (Алматы, 2007, 2008), П.Васильевке арналған «К певучему я обращаюсь звуку» жыр конкурсында 2-орын (Павлодар) иеленді. Қасиетті Макарий атындағы православия әдеби сыйлығының «Поэзия» номинациясының дипломымен марапатталды (Барнаул, 2015). Поэзия марафоны – 2018 жобасының «Солнце поэзии – одно для всех» номинациясы бойынша 1-орын алды (Новосибирск қаласы, май 2018) .
Өңір мәдениеті саласына сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды (2011).
| |
|
|
|
|
|
|
| |
|
|
|
|
|
|
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)


































































