«Өнер мұраты-сөз қуаты» қаламгер Әлібек Қаңтарбаевпен рухани сұхбат-кездесу
25 қараша күні сағат 11.00-де кітапханада жазушы, публицист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облысындағы өкілі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Әлібек Қаңтарбаевпен рухани сұхбат кездесу өтеді.
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Солардың қатарында Әлібек Қалиұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.
Ә. Қаңтарбаев «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Қыран ғұмыр», «Сол бір кез есімде», «Армандастар», «Алаш азаматы», «Өзегім от пен жалын, өртті демім», «Жұлдыздар сөнбейді», «Тұлға», «Қасқыр тірлік», «Дөңгеленген дүние», «Көзімді жұмсам да көрем сені...» сияқты прозалық және поэтикалық кітаптардың авторы. «Тәңіртау» Шығыс Қазақстан облысының әдеби-мәдени альманахының, облыстағы ауқымды әдеби жоба «Абай әлемі» кітаптар топтамасы» редакциялық алқасының бас редакторы.
Тіл және ұлттық салт-дәстүр мәселелерін көтерген публицистикалық мақалалары халық көкейінен шығып, талай оң шешімдердің орындалуына ықпал етті. Жазушы, ақын, журналист ретінде танымал жерлесіміздің драматургия саласында да өзіндік қолтаңбасы бар. Оның «Армандастар» атты драмасы Өскемен, Семей қалаларының театрларында сахналанып жүр.
Ұлттық рухты қалыптастыруға, әдебиетімізді дамытуға, өңіріміздегі өзекті мәселелерді қозғап, қоғам мен руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген Әлібек ағаны құттықтауға БАҚ және қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, жерлестері мен әріптестері, кітапхана оқырмандары қатыспақшы.
Байланысшы: Аскерхан Ақтай
Тел.:8 701 183 0084


































































