«Өлең-жырдың жүйрігі...» шығармашылық кеш
Кітапханада «Төр Алтайдың әдеби әлемі» клубының аясында әуесқой ақын, әнші, асаба Медет Есімжанға арналған «Өлең-жырдың жүйрігі...» атты шығармашылық кеш өтті.
Медет Есімжан – 1986 жылы Тарбағатай ауданына қарасты Қабанбай ауылдық аймағының Шеңгелді ауылында дүниеге келген. Қаныш Имантайұлы Сәтпаев атындағы мектептің түлегі. Бүгінде Өскемен қаласында тұрып, өнер саласында өзіндік жолын қалыптастырып жүрген талант. Халық арасында қоңыр үнді әншілігімен, салтанатты шаралардың сәнін келтірген асабалық шеберлігімен танымал. Сонымен қатар поэзияға жақын, өлең оқығанды жаны сүйетін өнер иесі.
Шараға ақынның өнердегі әріптестері, жерлестері мен өлеңсүйер қауым жиналды. Кеш барысында "Төр Алтайдың әдеби әлемі" клубының мүшелері Медет ақынға естелік сый-сыяпаттарын тарту етіп, жүрекжарды тілектерін білдірді. Ақын сырлы жырлар оқып, көрермен жүрегіне шуақ құйды. Медет Есімжанның шығармашылық кеші – жырдың ұлттық болмысты жаңғыртатын күш екенін тағы бір дәлелдеді. "Төр Алтайдың әдеби әлемі" клубының белсенді мүшесі Медет Есімжанның өнер жолымен өрілген жаңа белестері биіктей берсін!
| |
|
|
|
|
|


































































