phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңадан түскен кітаптар

Мамыр 2023

Жаңадан түскен кітаптар

Бұқарбай батыр

Бұқарбай батыр туралы мақала, өлең, тарихи деректер жинағы.

Жаңадан түскен кітаптар
Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі
= Центрально азиатское сотрудничество в новых геополитических условиях: вызовы и перспективы
= The cooperation of central asia in the newgeopolitigal environment: challenges and opportunities
 
Басылымда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруы мен өткен халықаралық конференция материалдары жарияланған.
Жаңадан түскен кітаптар

Қытай антропология ғылымының тарихы

Бұл алдыңғы жалпылама зерттеулердің негізінде дайындалған және күрделілікті жеңілдету үшін оқыту қажеттіліктеріне негізделген кіріспе оқулық.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Сәуір 2023

Жаңадан түскен кітаптар

Майкл Грегер
Ажалқұшпа! Өмір үшін күрес және тағамы

Медицина ғылымының докторы, дәрігер Майкл Грегердің бұл туындысы екі бөлімнен тұрады: "Неліктен және неге?" және "Қалай?". Адам әрбір күнді бағалап, салауатты өмір салтын сақтай отырып, аурудың алдын алуға болатыны туралы өмірде болған жағдайлармен баяндаған.

Жаңадан түскен кітаптар
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20-50 жылдары
 
Құжаттар жинағында ұлы ағартушы және қайраткер тұлғаның қауіпті кезеңдегі ұлтының болашағы үшін арпалысты ақтық күресін куәландыратын құжаттық материалдар қамтылды.
Жаңадан түскен кітаптар

Қазақстан тарихы

Оқулықта көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарих қарастырылған, тәуелсіздіктің тарихи қалыптасу заңдылықтары айқындалып, Қазақстанның даму ерекшеліктері сипатталған.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Наурыз 2023

Жаңадан түскен кітаптар

Өскембай Ә. А.
С. Аманжоловтың өмірі, қоғамдық қызметі және шығармашылық мұрасы

Монографияда ғалым С. Аманжоловтың өміріне, қоғамдық қызметтегі жетістіктеріне, шығармашылық мұраларына, қазақ тарихына байланысты тарихи талдау жасалған.

Жаңадан түскен кітаптар
Роза Мұқанова
Мәңгілік бала бейне
 
Драмалық шығармада ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болып, жетілмей қалған Ләйлә қыздың өмірі сипатталған.
Жаңадан түскен кітаптар

Зардыхан Қинаятұлы
Найман хандығы: тарихы және мәдениеті (ХІІ-ХІХ ғғ)

ХІ-ХІХ ғасырдағы Найман хандығының саяси құрылымы, этнодемографиясы, наным-сенімі, мәдениеті, щаруашылығы, тұрмыс салты, тарихы мен мәдениетінің құнды мұраларын зерттеген қомақты еңбек.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Ақпан 2023

Жаңадан түскен кітаптар

Серік Қалиев
Арман қанатындағы жазулар

Бұл кітапта автордың әр жылдары жазылған әдеби талдау мақалалары, өнер мен әдебиет жөніндегі сыр-сұхбаттары, естеліктері және тағы түрлі жазбалары топтастырылған.

Жаңадан түскен кітаптар
Клара Хафизова
XVIII-XIX ғасырлардағы дала билеушілері және олардың дипломатиясы
 
Кітапта қазақ билеушілерінің үш ұрпағының өмірбаяны арқылы олардың екі жүз жылдық дипломатиялық келбеті сипатталады.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Камал Әлпейісова
Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп...

Автор Камал Әлпейісовның өзекті мәселелер: отбасылық құндылықтар, ұрпақ тәрбиесі, ана тілі туарыл, ауызбіршілікте өмір сүру ой-толғамдары жинақталған.
Жаңадан түскен кітаптар
Оразалы Сәбден
Қазақстанның сара жолы

Автор жаңа әділетті Қазақстанның сара жолын жасау үшін қоғамды жаңғырту, сананы трансформациялау арқылы жетуге болатындығын данышпан Абай ізімен жазған 45 ойлы сөзін ұсынып отыр.



Жаңадан түскен кітаптар

Тәттігүл Картаева
Сыр-Арал этнографиясы

ХІХ ғасырдың басындағы Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойы, Арал теңізінің шығыс, солтүстік-шығыс жағалауы қазақтарының дәстүрлі этнографиясы, өңірдегі қазақ ауылдарының келбеті сипатталған.



Жаңадан түскен кітаптар

Әзірбайжан Мәмбетов
Менің өмірім - театр = Моя жизнь - театр = Mylife is a theater

Әзірбайжан Мәмбетовтің көрнекті шығармашылығы еліміздің режиссурасын болмаған жетістікке, биікке жеткізені туралы баяндалған.



  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 

Қаңтар 2023

Жаңадан түскен кітаптар

Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек

Жинаққа шетелдердегі архивтерден, кітапханалардың сирек қолжазбалар қорынан Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш қайраткерлерінің еңбектері, оларға қатысты құжаттар енгізілген.

Жаңадан түскен кітаптар
Д. Ахметов
Алтай-Түркі әлемінің алтын бесігі
 
Шығыс Қазақстан облысындағы археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы 2022 жылғы археологиялық жұмыстарының қорытындысы жарияланған.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Ләйлім Ахметжанқызы
Дәстүр даналығы

Қазақ халқы үшін рухани құндылықтың бастауы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың бүгінгі қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы туралы жазылған.
Жаңадан түскен кітаптар
Сөзтүзер

 

Сөздікте бұрын қателерге жол берілуінің себептері айқындалып, қолдануға тиіс дұрыс нұсқасы ұсынылған.



Жаңадан түскен кітаптар

Рахимбердин Қ. Қ.
Қазақстандағы ұжымдық еңбек дауларын шешу жөніндегі нұсқаулық

Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша есепке алу және олардың мәселеге қарсы қатысу көзін жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастырған.



  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


Желтоқсан 2022

Жаңадан түскен кітаптар

Алмас Ахметбекұлы
Жұмекеннен 100 өлең

Автор Жұмекен Нәжімеденовтың поэзиясына талдау жасаған. Ақынның өлеңдегі формасы, стилі және ой-өрнегі өзгеше ақын екенін сөз етеді. Тіліміздің соншама бай құбылыс пен терең түйсіктерге дейін бейнелей алатын сұлу қасиетін көрсетеді.

Жаңадан түскен кітаптар
Уәлихан Қалижанов
Жамбыл
 
Автор "Жамбыл" атты роман-этюді жыраулық, айтыс өнерінің көрнекті өкілі, ғасыр Гомері атанған, екі заманның куәсі Жамбыл Жабаевтың өміріне арналған.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Талғат Айтбайұлы
Желтоқсан көтерілісі

Айғақ-кітаптың төртінші томына қантөгі сарпалысының тек Алматыда ғана емес, көптеген облыс, аудан орталықтарында, ауылдық жерлердің өзінде өшпес із қалдырғанын айғақтайды.
Жаңадан түскен кітаптар

Жұлдыз Тойбек
Руханият

Кітапта елдің рухани даму мен кемелдеуіне үлес қосқан қайраткерлердің еңбектері топтастырылған.



Жаңадан түскен кітаптар

Бейбіт Қойшыбаев
Тәуелсіздік тамырлары

Қазақ Ордасы дәуірінен, Алаш Ордасы құрылғанға дейінгі кезеңдерден ақпарат берілген. Екінш бөлім - Кеңес заманындағы билеуші партияның қасіретті оқиғалары, Тәуелсіздік дәуірінің кей сәттері үшініші бөлімде, ал төртінші бөлімде кеңестік дәуірдің террорлық құрбандарымен таныстырылған. "Тағзым" бөлімініде ел тарихындағы оқиғалар, атаулы даталар ұсынылған.



Жаңадан түскен кітаптар

Дулат Исабеков
Театр және кино әлемі

Танымдық еңбектің бірінші бөлімінде саланың қыр-сырлары мен құпиясын ашса, ал екінші бөлімінде әлемдік кино шеберлерінің қиындықтарды жеңу мақсатындағы еңбектері қызғылықты жазылған.



Жаңадан түскен кітаптар

Амангелді Айталы
Ұлттану

Оқулықта ұлттық қасиеттер мен құндылықтар, ұлттық мемлекет, мәдениет, идеология, дін, тәрбие секілді өзекті мәселелер ұлттану теориясы негізінде жазылған еңбек.



  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


Қараша 2022

Жаңадан түскен кітаптар

Әулие-Ата өңіріндегі ашаршылық

Еңбекте Қазақстанда болған ашаршылық жылдарының зобалаңы тарихи деректер негізінде баяндалған. Архив қорларынан табылған тың құжат материалдарымен қатар Әулие-Ата өңіріндегі нәубетті жылдардың куәгерлерінің естелік-әңгімелері енген.

Жаңадан түскен кітаптар
Ахмет Тоқтабай
Қазақтың киелі жерлері
 
Кітапқа зерттеушінің киелі жерлер, сәулет өнері, тарих, этнография саласындағы жазылған ғылыми мақалалары, ел арасынан жинаған жазба және ауызша деректері берілген.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Чилдибаев Д.
Биология : балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық

Балаларға арналған энциклопедиялық анықтамалық. Кітап биологиялық әліппеден бастап биология ғылымының барлық салаларынан бес мыңнан астам сөзді қамтиды.
Жаңадан түскен кітаптар

Ербол Шаймерденұлы
Елтаным

Кітапта ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы жан- жақты баяндалған. Елдігімізге қатысты кең мағлұмат беретін терең интеллектуалдық еңбек.



  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


Қазан 2022

Жаңадан түскен кітаптар

Айжұлдыз Адайбекова
SUP JULIE. Ай-дара, өз даралығыңа ұмтыл.

Автор өз кітабында өз кейіпкері бола отырып, басынан өткен қиыншылықтарын, отбасылық проблемаларын және басқа да көптеген "қалай" деген сұрақтарға жауап береді.

              

 

Жаңадан түскен кітаптар
Ғабдулла Тоқай
Таңдамалы шығармалары
 
Татар халқының ұлы ақыны Ғ. Тоқайдың өлеңдері, прозалары мен поэмалары, балаларға арналған өлеңдері мен ертегілерінің аудармалары хронологиялық тәртіппен берілген.

 

Жаңадан түскен кітаптар

Ахмет Байтұрсынұлы
Он екі томдық шығармалар жинағы

 

Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық шығармалар жинағының бірінші кітабында "Қырық мысал" жинағының әр жылдардағы басылымының алғашқы 1909 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз-қалпында берілді.

Екінші кітапқа "Маса" жинағының 1922 жылғы нұсқаның мәтіні бүгінгі жазумен берілген.
Үшінші томға оқу құралы: қазақша әліппесі (1912), Әліп-би(1926) атты оқулықтарымен қатар осы оқулықтардың кейінгі басылымдарының факсимилесі енген.
Төртінші томға "Тіл-құрал" жинағының бірінші, екінші, үшінші жылдық кітаптары топтастырылып, факсимилелері берілген.
Бесінші томға "Оқу құралы: қазақша алфбаға байаншы"(1921), "Сауат ашқыш"(1926), "Шура" журналы, "Қазақ" газетінің оқу- ағарту мәселелері көтерген мақалалары топтасқан.
Алтыншы томға "Шаруалық өзгеріс" қолжазбасы, "МОПР һәм Күншығыс елдерінің еңбекшілері", "Соғыс қаупі мен жұмыскер табының міндеті" атты аудармалары енген.
Жетінші кітапқа автордың қазақтың "Ер сайын" атты еңбегінің 1923 жылғы нұсқасының мәтіні бүгінгі жазуға қаз- қалпында ауыстырылып, факсимилесі оң қапталына берілді.
Шығарманың 8-ші томына қазақтың 400 жылдық тарихы қамтылған “23 жоқтау” атты еңбегінің 1926 жылғы нұсқасы берілген.
Тоғызыншы томда "Әдебиет танытқыш" атты зерттеуі берілген.
Ахмет Байтұрсыновтың 12 томдық шығармалар жинағының оныншы томына үзеңгілес шәкірті Телжан Шонанұлымен бірге 1927 жылы жарияланған "Оқу құралы" кітабының мәтіні жарық көрген.
Он бірінші томға " Оқу құралының" екінші бөліміндегі 119 тақырып (оның 14 өлең), мәтіндерімен кітаптың екінші жартысына факсимиле түрінде берілген.
Он екінші томына “Тіл-жұмсар” атты әдістемелік құралы, "Әліпбе айтысы"(1927) жинағына енген "Араб әліп-биін жақтаған байандамасы" және 1923-1929 жылдар аралығында шыққан мақалалары мен мұрағаттық деректері қамтылған.

  Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp