phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңадан түскен кітаптар

    Ақпан 2024

    Жаңадан түскен кітаптар

    Айбоз
    Ұлттық әдеби сыйлығы

    "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығының түрлі номинацияларында жеңімпаз атанған автордың шығармалары еніп отыр.

    Жаңадан түскен кітаптар
    2012 жылғы ақпан мен 2023 жылғы қараша аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасындағы болған сайлаулар мен Республикалық референдумдар туралы ақпараттық жинақ

    Ақпараттық жинақтың екінші томында 2012-2023 жылдар аралығындағы сайлау мен референдумдар туралы материалдар берілген.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Винья Пол.
    Криптовалюта дәуірі.
    Биткоин мен блокчейн дүниежүзілік экономикалық тәртіпті қалай өзгертіп жатыр?

    Криптовалюта – бұл көптеген компьютерлерге таралатын желіге негізделген сандық активтің түрі. Авторлар кітапта биткоин мен криптовалютаның әлемдегі рөлін анықтап түсіндіреді.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Т. С. Қашқынбаев
    Қазақ күресінің саңлағы

    Кітаптың басты кейіпкері қазақ күресінің тұңғыш спорт шебері - Қылаң Бақыжанов. Естеліктер, әулеттің шежіресі, қолжазба дәптеріндегі мақал-мәтелдер жарияланған. Сонымен бірге белгілі азаматтардың өмірбаяны келтірілген.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Набиолда Кемешев
    Ой түрткі

    КӨРКЕМ ШЫҒАРМА -- БАТА -- ӨЛЕҢ ОЙ-ТОЛҒАУ -- ЫРЫМ-ТЫЙЫМ -- ҚАНАТТЫ ОЙ -- ДАНАЛЫҚ АҚЫЛ -- АДАМИ ҚҰНДЫЛЫҚ
    Жаңадан түскен кітаптар

    Винья Пол.
    Шындық машинасы. Блокчейн және адамзат болашағы

     

    Жаңа кітапта блокчейн технологиясының мүмкіндігі жайлы фактілер келтірілген. Әлем болашағындағы технологияға пікірталастар сараланып, дербес жүйелер туралы баяндалған.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


     

    Наурыз 2024

    Жаңадан түскен кітаптар

    Гүлжан Қазимова
    Тұмандағы оттар

    Жерлесіміз Гүлжан Ахметбекқызы Қазимованың бұл жинағына бірнеше шығармалары енген. Кітапта аударма, новелла, арнаулар, әңгімелер жарық көрген. Туынды екі бөлімнен тұрады.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


     

    Сәуір 2023

    Жаңадан түскен кітаптар

    Майкл Грегер
    Ажалқұшпа! Өмір үшін күрес және тағамы

    Медицина ғылымының докторы, дәрігер Майкл Грегердің бұл туындысы екі бөлімнен тұрады: "Неліктен және неге?" және "Қалай?". Адам әрбір күнді бағалап, салауатты өмір салтын сақтай отырып, аурудың алдын алуға болатыны туралы өмірде болған жағдайлармен баяндаған.

    Жаңадан түскен кітаптар
    Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары ХХ ғасырдың 20-50 жылдары
     
    Құжаттар жинағында ұлы ағартушы және қайраткер тұлғаның қауіпті кезеңдегі ұлтының болашағы үшін арпалысты ақтық күресін куәландыратын құжаттық материалдар қамтылды.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Қазақстан тарихы

    Оқулықта көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарих қарастырылған, тәуелсіздіктің тарихи қалыптасу заңдылықтары айқындалып, Қазақстанның даму ерекшеліктері сипатталған.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


     

    Мамыр 2023

    Жаңадан түскен кітаптар

    Бұқарбай батыр

    Бұқарбай батыр туралы мақала, өлең, тарихи деректер жинағы.

    Жаңадан түскен кітаптар
    Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі
    = Центрально азиатское сотрудничество в новых геополитических условиях: вызовы и перспективы
    = The cooperation of central asia in the newgeopolitigal environment: challenges and opportunities
     
    Басылымда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруы мен өткен халықаралық конференция материалдары жарияланған.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Қытай антропология ғылымының тарихы

    Бұл алдыңғы жалпылама зерттеулердің негізінде дайындалған және күрделілікті жеңілдету үшін оқыту қажеттіліктеріне негізделген кіріспе оқулық.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


     

    Маусым 2023

    Жаңадан түскен кітаптар

    Мұрат Сабыр
    Алтын Орда дәуірі: Құтыптың "Хұсрау мен Шырын" поэмасы (XIVғ.)

    Ежелгі дәуір әдебиетінің мұрасы болған поэманың тілі жан-жақты зерттелген. Оның дыбыс жүйесі, орфографиялық ерекшеліктері, лексикалық қабаттары, тұрақты сөз тіркестері, реликт түбір тұлғалары, морфологиялық көрсетікіштері қарастырылған.

    Жаңадан түскен кітаптар
    Тахауи Ахтанов
    Боран
     
    Шығармада табиғат апатымен алысқан шопан Қоспанның өміріндегі белестері, әділетсіздікпен ұштасқан өмір сабақтарын көрсеткен. Адами қасиетті сақтау көркем тәсілмен жеткізілген.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Бошай Кітапбаев
    Өнегелі өмір

    Бұл кітапта Бошай Кітапбаевтың тоғыз таңбалы Найман руының тарихына қалам сермеген шығармасынан үзінді, түрлі тақырыптағы ой- толғаныстары, баспасөз бетінде жарық көрген сұхбаттары, фотосуреттері мен мұрағат құжаттары топтасқан.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Мұқадес Есләмғалиұлы
    Әйтеке би

    Қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке Байбекұлының өзара достық, сыйластық өнегелері, жарғыға татырлық философиялық ойлары көркем бейнеленген.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Алпысбай Қазығұлов
    Кескіндеме

    Суретші А. Қазғұловтың қайталанбас қолтаңбасын және өзіндік дара стилін сауатты құрастырылған композиция мен адам жанының толғанысы мен жай-күйінің нақты суреттелгенінен тануға болады. Картиналары өзінің сезімталдығымен және көркемділігімен ерекшеленеді.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Рафаэль Ниязбек
    Көсем

    Роман саяси-тарихи тақырыпқа құрылған күрделі туынды.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Зейнолла Қайсенов
    Шығыс өлкесінің тарихи-әдеби мұралары

    Белгілі тарихшы, өлкетанушы Зайнолла Қайсеновтың кітабы қазақ елініің тамырлы тарихын, шынайы шежіресін хаттаған құнды жинақ.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Қайрат Сәки
    Сұлтан Бейбарыс

    Кітап қыпшақ мәмлүктердің аты аңызға айналған басшысы Байбарыстың ХІІІ ғасырда әлемдік өркениеттер мен діндердің бесігінде- Египет пен Сирияда қуатты түркі мемлекетін құрғандығы туралы.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


    Шілде 2023

    Жаңадан түскен кітаптар

    Амангелді Жанахмет
    Дәулетбай батыр

    Кітапқа журналист, жазушы Амангелді Жанахметтің Дәулетбай батыр ұрпағының шежіресі енген. Соны мен қатар журналистердің, ақын-жазушылардың мақалалары, эссе мен жыр-дастандары, зерттеулер топ тастырылған.

    Жаңадан түскен кітаптар
    Дина Мұхамедхан
    Ұстаз бен шәкірт

    Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедханов қуғын-сүргіннің қайғылы жылдарында қазақ халқының ғылыми-мәдени мұрасын сақтап қалды. Ұстаз бен шәкірт, аға мен іні, екеуі - бірліктің символы. Зерттеулер мен бірегей материалдар ақиқат тарихының маңызды кезеңдерін түсініп-білуге көмек теседі.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Нұрлан Мәукенұлы
    Өмір сүрдім, өле сүйдім

    Өмірден ерте кеткен ақынның таза лирикалық өлеңдері топтастырылды. «Өмір сүрдім, өле сүйдім» деп ақынның айтқанындай, ол өмір де сүре білді, өмірді жырлай да білді, өмірмен бірге өлеңді сүйе де білді... Тіпті өзі сүйген өмірмен қоштаса да білді.
    Ақынның нәзік те тегеурінді лирикасы көп те емес, аз да емес, дер шағында қатқа түскен саз дүние. Оған артына қалдырған осы бір мұрасы дәлел.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Нұрмахан Оразбек
    Көзкөрген шындық

    Қаламгер, аудармашы Нұрмахан Оразбектің республикалық басылымдардағы мақалалар мен қатар, журналистік жолындағы аудандық, облыстық газеттерде жарияланған материалдары, аудармалары жинақталған.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Өтеш Қырғызбаев
    Телқоңыр

    Кітап ұлттық шертпе күйөнерінің шебері Сүгір Әліұлының өмірі мен шығармашылығына арналған. Созақ өңіріндегі күйшінің ұрпағы мен жақындарының естеліктері, ел арасындағы аңыз әңгімелер, тарихи оқиғалар арқау болған.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Шарафат Жылқыбаева
    Көк Бөрінің көзі

    Автор кітапта көне жапон мен байырғы көшпенділердің ұлттық тілі мен руханиятындағы үндестіктерді талдаған. Күн шығыс елін әрқырынан көрсететін танымдық публицистикалық мақалалары енген.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


    Тамыз 2023

    Жаңадан түскен кітаптар

    Абай Құнанбайұлы
    Адамзаттың бәрін сүй

    Абай шығармашылығы – қай қазақтың болмасын бас қойып, қанып ішер бастау бұлағы. «Қазақтың бас ақыны» атанған оның өлеңдері өзінің құндылығын ешқашан жоғалтпақ емес. Осыған орай баспамыз назарларыңызға ұлы ақынның таңдамалы жинағын назарларыңызға ұсынып отыр. Кітап барша өлеңсүйер қауымға арналады.

    Жаңадан түскен кітаптар
    Стиг Ларссон
    Айдаhар таңбалы қыз

    Отыз алты жыл бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қыздың тағдыры, сүйегі қайда қалғаны, шағын аралдағы оқиға туралы баяндалған. 
    Жаңадан түскен кітаптар

    Сергей Бородин
    Самарқан төбесіндегі жұлдыздар

    Роман кейіпкері Ақсақ Темір адамзат тарихындағы ең қатыгез жаулап алушылардың бірі, оны Әлем билеушісі деп атаған. Оның ғұмыры Орта Азия ғана емес, басқа да көптеген елдер тарихында өзі зін қалдырды.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


    Қыркүйек 2023

    Жаңадан түскен кітаптар

    Дулатова Гүлнар Міржақыпқызы
    Алаштың сөнбес жұлдыздары

    Кітап авторы Г. Дулатова - қазақтың арыс ұлдарының бірі - Міржақып Дулатовтың жалғыз қызы. Туынды Алаш арыстарының көсемі - Әлихан Бөкейхановтан бастап, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев және т.б. қазақтың зиялы қауымының өнегелі өмірлері мен істеген қызметтері, кейінгі қилы - қилы тағдырлары жү елі түрде жатық тіл мен баяндалған.

    Жаңадан түскен кітаптар
    Ержан Жаубай
    Қазақтың жылқыға қатысты мақал-мәтелдері

    Көшпенділердің дала философиясын тамыршыдай тап басып көрсетер қысқа да, нұсқа мақалдарды оқи отырып жылқы жануарына қатысты ерекше үш жағдайды түсінуге болады.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Илья Жақанов
    Інжу-маржан

    МУЗЫКА -- ӘН -- ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ -- САЗ – ӘУЕН
    Жаңадан түскен кітаптар

    Оралғазы Қажаев
    Шерлі ақиқат

    Қазақ халқының ежелгі түркі дәуірінен, орыс империясының, кейін Кеңестік отаршылдық саясатының, шығыстағы Қатон қарағай өлкесінде, жалпы Алтайдағы қазақ нәубетін нақты дәлелдерге сүйенген еңбек.
    Жаңадан түскен кітаптар

    Әлібек Қаңтарбаев
    Көзімді жұмсам да көремсені...

    Махаббат, Тұрақтылық, Қызғаныш, Ғашықтық, Кісілік, Кішілік, Адамгершілік сияқты сынды ұлы ұғымдарды кие тұтуға, қадірінбілуге, аталмыш сезімедердің көшбесшысы Сағыныш екендігін көркем әдеби тіл мен жеткізген туынды.

      Осы айда келген жаңа кітаптар тізімі


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp