phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

    «Адал ұрпақ – жарқын болашақ»: әдеби лекция

    «Адал ұрпақ – жарқын болашақ»: әдеби лекция

    «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы әдеби лекция өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға адалдық пен әділдіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері туралы ой қозғау болды.
    Шара барысында адалдық, әділеттілік, адамгершілік мәселелері қозғалып, Абай шығармаларындағы адал еңбек пен ар-ұят ұғымдары бүгінгі қоғам мәселелерімен сабақтастырылды.
    Жиында «Ақ жол» демократиялық партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары Боранғалиева Шынар Бақытқанқызы сөз сөйлеп, адалдық пен жауапкершіліктің қоғамдағы маңызына тоқталды.
    Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы кітаптар таныстырылып, Томирис Синельщикова кітаптарға шолу жасады. Қатысушылар өмірлік жағдаяттар бойынша өз ойларын ортаға салып, адал таңдау жасаудың маңызын талқылады.
    Шара соңында жастарды адалдық қағидатын ұстануға, оң өзгерісті ең алдымен өзінен бастауға шақырудың қажет екені атап өтілді.

     

    Adal 1 Adal 2 Adal 3 Adal 4 Adal 6 Adal 7

     


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     

    :


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp