Достар! 1 наурыздан «Франкофониялық көктем-2023» мәдени іс-шаралар фестивалі бастау алды. Халықаралық Франкофония күнінің мақсаты – француз тілінің барлық жанкүйерлерін біріктіру, оның таралуына ықпал ету, француз мәдениетін, сондай-ақ француз тілді елдердің мәдениетін танымал ету. Бүгінгі күні француз тілінде сөйлейтіндердің бәрін франкофон деп атайды.
«Қай жерде, мейлі, қай елде, Әлемнің мәні – әйелде», - деп Жүрсін Ерман айтқандай, қай заманда болмасын әйел адамның орны ерекше. Дана халқымыз әйел адамға өмірдің әні мен сәні, үйіміздің жылуы, ер адамдардың ақылшысы, балаларымыздың тәрбиешісі деп қараған. 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі аясында ұйымдастырылған «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» атты кітап көрмесі еліміздің тарихында есімдері алтын әріппен жазылған аяулы аналарымызға арналады.
1. Жалпы ақпарат
«Қазақтың Көкжал Барағы» әдеби және тарихи-танымдық байқауы (бұдан әрі – Байқау) Көкжал Барақ Шүрекұлының есімін халыққа насихаттау үшін ұйымдастырылады. Абылай ханның қаһарман сарбазы, халқы көкжал атандырған, аты үш жүзге мәшһүр тарихи тұлға Көкжал Барақ Шүрекұлы – XVІІІ ғасырда Қазақ елін қанымен, жанымен қорғаған Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Қарасай, Шақшақ Жәнібек батырлармен тізе қосып қаһарлы жоңғар-қалмақ басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, қол бастаған батырлардың бірі.
1 наурыз ерекше мәні бар әрі рухани қуанышқа толы мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні кітапхана оқырмандары үшін қызықты да пайдалы мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды.
1 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерінен «Қазаққа күмбірлеген күй сыйлаған» атты лекция-концерт өтті.
23 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының мәжіліс залында айтулы оқиға – «Ералының ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті.
22 ақпан күні кітапхананың ұйымдастыруымен Zoom-платформасында жерлесіміз жазушы Асқар Алтаймен 60 жасқа толған мерейтойына орай онлайн кездесу өтті.