4 сәуір күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасында балалар жазушысы, журналист Марат Қабанбавқа арналған шығармашылық әдеби кеш өтті.
Марат Қабанбаевқа арналған әдеби шығармашылық кешке студенттер мен оқушылар қатысып, автор шығармаларынан театрланған көрініс қойылды. Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда ШҚО Зайсан ауданы Ұлы-Қаратал ауылында дүниеге келген.
«Мектеп жылдарында мектепте географиядан сабақ беруді армандадым. Мүмкін, ол шытырман оқиғалы әдебиетке құмар болғандықтан шығар. Бастауыш сыныптарда «Робинсон Крузо» романын оқып, содан бері барлық бос уақытын анам жұмыс істейтін кітапханада өткіздім. Орта мектептен бастап қалам алып жазуға тырыстым. Әңгімелерім балалар журналында басылды. Жас кезімнен шығармашылыққа деген құштарлық болды, аудандық газетке жұмысқа орналасып, содан кейін журналистика факультетіне оқуға түстім. Ересектер үшін мен әңгімелер, балалар үшін – повестер, тіпті романдар жаздым», – деген екен Марат Қабанбаев оның қалай жазушы болғандығы туралы өз әңгімесінде.
Оның алғашқы «Сөну» әңгімесі 1966 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Орта және үлкен жастағы балаларға арналған бірнеше кітаптардың авторы, олардың арасында «Арыстан, мен және виолончель», «Саяхатшы Тити» және «Бақбақ басы толған күн» атты повестер жинағы жарық көрген. Осы оқиға бойынша «Қазақфильм» студиясында «Сіз 12 жаста болғанда» (1979) толықметражды көркем фильмі түсірілді.
М.Қабанбаев өзінің шығармаларымен жастарды жоғары моральдық жауапкершілікке тәрбиелейді. Жазушы өз кітаптарында адамгершілік арқылы әлемді жақсы жаққа өзгертуге болатындығын дәлелдеп береді. Марат Қабанбаевтың шығармалары украин, молдаван, латыш, неміс, өзбек тілдеріне аударылған.
1988 жылғы Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты және 1990 ж. Балалар кітабы бойынша Х.К. Андерсен атындағы Құрмет дипломының иегері (ЮНЕСКО).
Суреткер сөзі – уақыттың мәні, өзі – халықтың ұяты, өмірі – қоғамның шындығы.
«Мараттың үлкен талант екені ең алғашқы туындыларынан-ақ білінді. Мұз бұлақтан бұрқылдап атқан тау суындай тартып жібергенде шекеңнен шығатын дару сөз зәру оқырманын дәл тапты», - дейді замандасы ақын, журналист, аудармашы Күләш Ахметова.
Байланысшы: Кудайбергенова Н. К.
тел: 26-13-33