phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Қан майдан қаһарманы

Қан майдан қаһарманы

5 мамыр күні кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық қаһарманы, партизан-жазушы,  Ұлан ауданының тумасы Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл толуына орай онлайн кездесу өтті.

kaisenov 3Қазақстанның Халық қаһарманы, партизан-жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылы 23-сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі Қайса мен анасы Бижамал 13 баланы дүниеге әкеліп, оның сегізін аман-есен жеткізген қарапайым еңбек адамдары. Батырдың әкесі Қайса ұзақ жасап, 102 жасында өмірден озыпты. Қасым Қайсаұлы 1938 жылы  Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумын  бітірген соң, Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызметке орналасады. Сол жерден әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі. 1941 жылы  Қасым Қайсенов Мәскеудегі барлаушылар мектебінде арнайы білім алып, жау қолында қалған Украина жеріне жіберіледі.  Сөйтіп, жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен бастап, Қасымның партизандық өмірі басталады.

Кездесу қонақтары батыр атамыздың ұрпақтары, көз көргендер, жерлестері, Қасым атамыздың жеке хатшысы болған суреткер, өнертанушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Еркін Нұразхан және т.б.  батыр атамызды еске алып, көз көрген жерлестері естеліктерімен бөлісті.

 

Байланыс тел.: 261-333


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp