phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Шығыстан шыққан тұңғыш академик»: онлайн форсайт-форум

«Шығыстан шыққан тұңғыш академик»: онлайн форсайт-форум

15 мамыр күні А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының ұйымдастыруымен Zoom платформасында Ұлан ауданының тумасы, филология ғылымдарының докторы, академик Зәки Ахметовтың 95 жылдығына арналған «Шығыстан шыққан тұңғыш академик» атты республикалық онлайн форсайт-форум өтті.

zaki2Форумға еліміздегі ғылыми зиялы қауым өкілдері: филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара Дәдебаев; әдебиеттанушы, философ, географ, саяхатшы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы; филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Зәки Ахметовтың шәкірті Оразбек Мақпал; профессор, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы-ғалым, «Абайтану» орталығының директоры Қартаева Айжан Маратбекқызы; ақын, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Мұқышева Раушангүл Зақанқызы; филология ғылымдарының кандидаты (PhD), қауымдастырылған профессор Касенов Сәкен Тоқанұлы; Өскемен қаласы «З. Ахметов атындағы атындағы № 16 орта мектебі» КММ директордың әлеуметтік ісі меңгерушісі Қабидолдина Альмира Тілеухановна және т.б. қатысты.
Зәки Ахметұлы «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы және дәстүрі», «О языке казахской поэзии», «М. Әуезовтың роман-эпопеясы», «Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете истории ее создания» т.б. сынды 12 монография мен 300-ден астам ғылыми зерттеудің авторы. Еңбектері ТМД елдерімен қатар Қытай, Түркия елдерінде жарық көрген.
 

Байланысшы: Кемешева М.Н. т.:26-13-33


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp