28 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заң - өркениет кепілі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел отырысына ШҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Мизанбеков Серик Маратович, Өскемен қалалық сотының судьясы Журенко Константин Александрович, Өскемен қалалық прокуратурасының прокуроры Етекбаев Ильдар Фаритович, «Шаңырақ» медиация орталығының жетекшісі;кәсіби медиатор Абдрахманова Елизавета Амировна, ШҚ «Альтернатива» қауымдастық бірлестігінің медиаторы Жұмағұл Азат Оразұлы және Өскемен қалалық полиция басқармасы Ертіс ПБ ювеналдық полиция тобының кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Тусупова Гүлнұр Жамбылқызы, ШҚО және Өскемен қаласы жастар ресурстық Орталығының өкілдері қатысты.
Қатысушылар мемлекет мүддесін жоғары қоя отырып, заңдылықты нығайту мен оның орындалуын қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстық әрекеттерге қарсы күрес, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқығы мен бостандығын қорғау жолында Қазақстан Республикасының сот, прокуратура және полиция органдарының, медиация саласының атқарып отырған күнделікті ауқымды әрі күрделі қызметі тура пікір алмасты.
Байланысшы: Бахытгуль Калиева,
тел.: 261-333