phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Қалам ұшындағы ғұмыр...»: шығармашылық кездесу

«Қалам ұшындағы ғұмыр...»: шығармашылық кездесу

12 қазанда А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақ ПЕН-клубының мүшесі «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайымұлымен шығармашылық кездесу өтті.

Кездесудің лейтмотиві – Әділбек Ыбырайымұлының Кенесары ханның туғанына 220 жыл толуына арналған «Семсер жүзіндегі серт» роман-трилогиясы.
Әділбек Ыбырайымұлы 1965 жылы 18 сәуірде Жетісу облысы, Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дың журналистика факультетін және Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» жастар газетінің тілшісі болып бастаған. «Матай-қор»" қорында, «Zaman-Қазақстан» түрік-қазақстан газетінде, ҚР Сыртқы істер министрлігінде (3-хатшы дипломатиялық дәрежесі бар), ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, «ҚазТрансОйл» АҚ-та, «Мұнайлы Қазақстан» журналында, «Астана телевизиясы» ЖШС-де, «Рауан» баспа үйінде және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеді.
Әділбек Ыбырайымұлы «Пір мен пырақ», «Көктемсіз жыл», «Сүмбіле шуағы», «Адам-айуан», «Ұяластар» романдарының, «Ақкекіл» повестері мен әңгімелерінің, «Семсер жүзіндегі серт» трилогиясының авторы.
Әділбек Ыбырайымұлы соңғы қазақ ханы туралы трилогиямен жасаған жұмысы, тарихи деректерге толы және үш-төрт тарихи ғасырды қамтитын осы ауқымды эпостың құрылымы мен мазмұны туралы айтып берді.
Кенесары туралы аңыз-әңгімелер авторды бала кезінен қызықтырған, ал бұл шығарманы жазу үшін мұрағаттық құжаттармен, түрлі дереккөздерден ақпарат жинаумен алты жыл қажырлы еңбек қажет болған.
Әділбек Ыбырайымұлының шығармашылығымен таныс қонақтар шығармадағы тарихи көріністердің қаншалықты егжей-тегжейлі сипатталғанын атап өтті.
Трилогия негізінде фильм түсіру жоспарланған ба деген сұраққа автор егер мұндай ұсыныс түссе, киносценарийді жазуға дайын екенін атап өтті.
Әңгімелесу барысында Әділбек Ыбырайымұлы оқырмандарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Ыбрайымұлы Ыбырайымұлы 1 Ыбырайымұлы 4 Ыбырайымұлы 5 Ыбырайымұлы 6 Ыбырайымұлы 7
Ыбырайымұлы 8 Ыбырайымұлы 9 Ыбырайымұлы 10 Ыбырайымұлы 11 Ыбырайымұлы 14 Ыбырайымұлы 13

Анықтама тел.: 261-333 (ішкі 123)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp