phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Саханның сырлы әлемі»

«Саханның сырлы әлемі»

20 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада танымал жерлес актер, режиссер, сазгер Әкелеев Сахан Долдиұлының 65 жылдық мерейтойына арналған «Саханның сырлы әлемі» атты еске алу кеші өтті. 

Сахан Долдиұлы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблін ұйымдастыруға ат салысып, ұзақ жылдар көркемдік жетекшісі болды. 1994 жылы «Сарбаздар» фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрды. Алматыдағы Республика сарайында өткен «Шығыс жұлдыздары» жобасының авторы әрі продюсері, Абай атындағы опера және балет театрында Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған «Батыр Бауыржан» атты үлкен кештің ұйымдастырушысы, сценарисі болды.

Сахан Долдиұлы Жамбыл атындағы ШҚ облыстық драма театрының директоры, көркемдік жетекшісі қызметін атқара жүріп сахналаған Т. Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясы, Б. Рамазанның «Шырмауық» әлеуметтік драмасы, Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясы, Б. Ұзақовтың «Жандауа» психологиялық драмасы, А.Үлімжіұлының «Шолақ қол келіншек» әпсанасы көрермен ықыласына бөленді. 

2011 жылы С. Долдиұлы бастаған театрдың шығармашылық тобы Ресей федерациясы, Мордовия республикасының Саранск қ. өткен VІ Халықаралық театр фестивалінде Балтық және ТМД елдерінің орыс драма театрлары арасында жүлделі бірінші орынға ие болды. Татарстан Республикасы, Қазан қаласында өткен түркі халықтарының  Х  Халықаралық «Наурыз» театр фестивалінен де жүлделі оралады.    Талантты жерлесіміз бірнеше әннің де авторы. ТМД елдері саяси әндер фестивалінің, республикалық әскери-саяси патриоттық ән фестивальдерінің және халықаралық ән байқауының лауреаты.

С. Долдиұлы шығармашылықпен қатар өмірінің соңына дейін «Желтоқсан – 86» қоғамдық бірлестігінің бірінші орынбасары қызметін қоса алып жүрді.

Талантты жерлесімізді құрметпен еске алуға туыстары, замандастары, әріптестері, достары мен шәкірттері,  жалпы өнерсүйер қауым қатысты.

Кеште жылы естеліктер айтылып, әндері шырқалып, Шығыс Қазақстан  облыстық драма театрының әртістері С.Әкелеев сахналаған «Шырмауық», «Жан дауа»  спектакльдерінен үзінділер қойды.

Akeleev 1 Akeleev 3 Akeleev 4 Akeleev 5 Akeleev 6
Akeleev 7 Akeleev 8 Akeleev 9 Akeleev 10 Akeleev 11

 

Байланыс: 26-13-33


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp