«Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» – 2014 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Ленинград облыстық балалар кітапханасы (ЛОБК), Шемонаиха орталық аудандық кітапханасы мен А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бірлескен халықаралық жобасы.
Жоба Санкт-Петербург Жазушылар одағы, Пушкин үйі (РҒА), жетекші баспалар: «Детское время», «Розовый жираф», «КомпасГИД», «Самокат», «Речь», «Поляндрия», «Белая ворона» балалар кітабы үйі тарапынан қолдау тауып отыр.
Жобаның қатысушылары – белгілі, жас ресейлік авторлар мен суретшілер – А. Гиваргизов, М. Яснов, С. Махотин, Е. Соковенина, Ю. Кузнецова, Е. Мурашова, Н. Волкова, М. Бычков, Л. Романовская, А. Петрова, А. Амраева және т. б. Қазақстан тарапынан – қаламгерлер Нұрдәулет Ақыш, Саят Қамшыгер, прозаик әрі сценарист Зәуре Төреханова, Лилия Калаус, жергілікті авторлар Кәмшат Нұғыманова, Күлмай Сембаева және т.б. Ынтымақтастық стратегияларының бірі – балалар мен жасөспірімдердің оқуын қолдаудың кәсіби идеялары мен тәжірибесін дамыту. Ресейлік және қазақстандық жазушылар мен иллюстраторлар балалар және кітапханашылармен бірге шексіз оқу кеңістігі мен мәдениеттер диалогын қалыптастырады. Олар – «Кітаппенен бірлігіміз жарасқан!» форумы, «Отбасылық оқу антропологиясы» зерттеуі, «Балалар кітабы және балалар оқуы. Болашақ қазірден» диалог кездесулері.
1300-ден астам үздік балалар кітабы – орыс және әлем әдебиетінің жауһарлары – Шемонаиха орталық аудандық кітапханасында ашылған «Халықаралық балалар кітабы орталығына» ақысыз, қайтарымсыз негізде пайдалануға беріліп, жыл сайын облыстың аудандық кітапханаларына «саяхат» жасап жас кітапқұмарларды қуантуда.
«Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар» жобасы заманауи кітапханалық тәжірибелерді дамыту, өзара байланысты қолдау, қазақстандық және ресейлік оқырмандарды, балалар мен ересектерді ұлттық және әлемдік ақпараттық және кітап ортасына интеграциялауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Байланысшы: Крутина Ирина
тел.: +7 777 980 4332