phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
         Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Төлегеннің ерлігі - ел есінде»: дөңгелек үстел

«Төлегеннің ерлігі - ел есінде»: дөңгелек үстел

24 cәуір күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаровтың 105 жылдығына және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Төлегеннің ерлігі - ел есінде» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, «Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров» атты кітаптың авторларының бірі Совет Қапанұлы Иманғалиев; жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нұрдәулет Ақыш; жазушы, өлкетанушы Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызы; С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің оқытушысы Нұрбекова Раушан Қалымбековна қатысты.
Дөңгелек үстел ашық диалог форматында ұйымдастырылып, қатысушылар Төлеген Тоқтаровтың ерлік жолы мен өмірбаяны, оның жас ұрпаққа қалдырған өнегелі мұрасы жайында пікір алмасты. Батыр туралы жазылған естеліктер мен кітаптарға шолу жасалып, тарихи дәйектер негізінде батырдың тұлғалық келбеті жан-жақты сипатталды. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан Совет Қапанұлына бағытталған сұрақтар мен пікірлер мазмұнды талқыға ұласты. Мұндай тағылымды басқосулар – елін сүйген ерлердің есімін ел жадында жаңғыртудың жарқын үлгісі.
Т. Тоқтаровтың рухына тағзым ету, оның ерлігін болашақ ұрпаққа үлгі ету – әрбір азаматтың перзенттік парызы. Батырдың есімін ұлықтау – тарих алдындағы адалдық, ел болашағы алдындағы жауапкершілік.
Іс-шара соңында қатысушылар осындай тәрбиелік мәні жоғары кездесулердің маңызын атап өтіп, келешекте батырлар рухын ұлықтауға бағытталған танымдық, әдеби, ғылыми іс-шараларды жиі өткізу керектігін жеткізді.

 Toqtarov 1  Toqtarov 2  Toqtarov 3  Toqtarov 5  Toqtarov 11  Toqtarov 13
 Toqtarov 6  Toqtarov 7  Toqtarov 8  Toqtarov 10  Toqtarov 9  Toqtarov 12

Байланыс тел: 26-13-33 (ішкі 123)


 DosAI

 old site

 old site

 

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp