phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Білім кітапта» баспасөз салоны

«Білім кітапта» баспасөз салоны

21 сәуір күні Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні қарсаңында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Баспасөз салоны» (фр. Salon – қонақ жай, іс-шара мәнмәтінінде – көрмелер мен тауарлар және т. б. көрсетіліміне арналған кеңістік) келушілерді құшақ жая қарсы алды.

Салонға қатысушылар – өңірлік авторлар, баспалар мен кітап сату ұйымдарына өздерін, топтамаларындағы жаңалықтарын паш етіп, пайдалы іскерлік таныстық орнатып, өз өнімдері мен технологияларына назар аудартуға ерекше мүмкіндік жасалды.

Салон аясында кітапханада «Арго Шығыс Қазақстан полиграфиялық компаниясы» ЖШС, «Шығыс ақпарат» баспалары; ҚАЕУ, Д, С. Аманжолов атындағы ШҚУ университеттік баспалары және т. б.; «Звено Алтая» әдеби бірлестігі мүшелері және «Tŏr Altai», «Алтай Изумрудный» әдеби журналдарының редакциялық алқалары өз экспозицияларын келушілер назарына ұсынды.
Жаңа Бұқтырма кентінен осы шараға арнайы келген Наталья Стрельцова балаларға арналған "Хочу на маленький остров" және "Лунная кошка" өлеңдер жинақтарын ұсынса, жазушы Савелий Мужчиль өзінің кітаптарымен таныстырды.
Салонды зиялы қауым өкілдері: Қаңтарбаев Әлібек Қалиұлы – журналист, публицист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры; Пуссеп Геннадий Николаевич – ақын, журналист, кітап шығарушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ресей Жазушылар одағының мүшесі; Матвеева Наталья Семеновна – ақын, «Звено Алтая» Шығыс Қазақстан облыстық әдеби бірлестігінің төрағасы және т. б. салтанатты түрде ашып, меркемен құттықтап ізгі лебіздерін білдірді.
Баспа индустриясының жаңалықтарымен бірге танысып, кітап оқу беделін асырып, Қазақстандықтар «Оқырман ұлт!» деп мақтанышпен атайық!

IMG 7469 salon 2 IMG 7540 salon 4 salon 5 salon 6
salon 7 salon 8 salon 9 salon 10 salon 11 salon 12

 

Байланыс тел.: 261-333 (123)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp