phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жұм: 8:00-18:00
    Сен- Жек: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Жаңалықтар & афишалар

    «Қарымды қаламгер» әдеби-поэзиялық кеш

    «Қарымды қаламгер» әдеби-поэзиялық кеш

    2 желтоқсан күні сағат 14:00-де кітаханада қазақ әдебиеті мен журналистика саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының тумасы Есет Әукебаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «Қарымды қаламгер» атты әдеби-поэзиялық кеш ұйымдастырылады.

    Шараның мақсаты – қаламгердің шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның әдебиет пен журналистика саласындағы еңбегін кейінгі ұрпаққа таныту, ақын поэзиясы арқылы оқырманның рухани дүниесін байыту.

    Әдеби кеш барысында Есет Әукебаевтың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасалып, қаламгердің азаматтық болмысы, журналистік қызметі мен ақындық қыры кеңінен таныстырылады. Ақынның жырлары мәнерлеп оқылып, шығармашылығы туралы тағылымды естеліктер мен ой-пікірлер ортаға салынады.

    Кештің мазмұнын байыта түсетін әдеби композициялар, поэзиялық оқылымдар мен шығармашылық арнаулар көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Сондай-ақ жас оқырмандар ақын өлеңдерін оқу арқылы оның рухани мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

    «Қарымды қаламгер» әдеби кеші – біртуар тұлғаның есімін ұлықтап қана қоймай, оның шығармашылық мұрасын бүгінгі ұрпақпен сабақтастыратын тағылымды кездесу болмақ.

    Қаламгердің қалдырған сөзі – уақыт сынынан өтетін рухани қазына, ал әдеби мұрасы – келер ұрпаққа аманат.


     DosAI

     old site

     

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 факс

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp