phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Ер есімі - ел есінде

Ер есімі - ел есінде

«Ер есімі - ел есіңде» жобасы іске қосылды. Елімізде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде соғыс ардагерлерін еске алу және Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Qazcontent» АҚ «екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы» жобасын іске қосты. Бұл база соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аттарын мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс.
Ол El.kz ақпараттық агенттігі арқылы жүзеге асырылады.
База онлайн режимінде толықтырылып, «Ер есімі - ел есіңде» ақпараттық платформасында жинақталады. Сонымен қатар, әрбір қолданушы деректер базасын толықтыруға қатыса алады. Ол үшін әрбір оқырман майдан даласына аттанған аталары туралы деректерін https://batyrlargatagzym.el.kz/ сайтына жүктеп, болмаса төмендегі поштаға жолдау қажет: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Ардагерлер туралы жіберген ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсету керек. Сонымен қатар фотосуретінде тіркеу қажет.
Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 237 ардагер ғана қалған. Оларға Жеңіс күнінің құрметіне ең кемі 1,5 млн теңгеден материалдық көмек беріледі.


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp