phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Кешегі күн – бүгінгі тарих»: Шығыс Қазақстанда өмір сүрген қуғын-сүргін құрбандары туралы кітаптардың авторы А. А. Әубәкіровпен кездесу

«Кешегі күн – бүгінгі тарих»: Шығыс Қазақстанда өмір сүрген қуғын-сүргін құрбандары туралы кітаптардың авторы А. А. Әубәкіровпен кездесу

26 мамырда А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жазушы, мұрағатшы, Шығыс Қазақстан облысының саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі өңірлік комиссияның №3 жұмыс тобының мүшесі Алдияр Ақылбекұлы Әубәкіровпен кездесу өтті. Кездесу Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орайластырылды.

А. А. Әубәкіров көптеген жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік мұрағатының директоры болып жұмыс істеді, ол қуғын-сүргін құрбандары туралы 20-дан астам деректі шығарманың авторы. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы әрбір оқиға, тарихи анықтамалар бойынша жиналған әрбір факт Алдияр Ақылбекұлы үшін жеке трагедия. Автор ретінде ол жазбаның әр жолын ой елегінен өткізе білген. Ол жинаған мұрағаттар шынымен де құнды.

Алдияр Әубәкіров:

- Тек есте сақтау, тарихи өткенді қалпына келтіру, ешкімді де, ештеңені де ұмытпау арқылы ғана біз сол кезеңдегі саяси қуғын-сүргіннің барлық құрбандары алдындағы адами және азаматтық борышымызды өтей аламыз және мұндай жағдай ешқашан қайталанбайтын болашаққа қадам жасай аламыз.
Кездесу барысында Алдияр Әубәкіров Шығыс Қазақстанға жер аударылған азаматтар бойынша ақпаратты анықтау жұмыстары туралы әңгімеледі. Оның ішінде, 1941-1945 жылдары Шығыс Қазақстан облысына жер аударылған неміс отбасыларының өкілдерімен нақты фактілерге, деректі құжаттарға және автордың жеке әңгімелеріне негізделген «Письма в никуда» және «Дело №…» деректі кітаптарындағы жұмысы жайлы сөз қозғады.

Саяси қуғын–сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – қазақстандықтарды біріктіретін, халқымыздың ауыр халі мен азабын бейнелейтін қайғылы кезеңді еске алу.

 Aubakirov 1 Aubakirov 2  Aubakirov 3  Aubakirov 4  Aubakirov 5 
 Aubakirov 6 Aubakirov 7  Aubakirov 8  Aubakirov 9  Aubakirov 10 

 

 Байланыс тел.: 261-333 (123)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp