phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Бала күлкісі - әлемнің көркі

Бала күлкісі - әлемнің көркі

Бүгін 1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні бүлдіршіндерге керемет көңіл күй сыйлайтын ерекше шаттыққа толы күн. Біздің кітапханамыз да кітапхана алаңында бұл мерекенің өзіндік маңызы мен мәнінің шырайын кіргізіп өз деңгейінде атап өтті.

Мерекелік шара түрлі атаулы аялдамаларға бөлініп, соған сәйкес балалармен қызықты жұмыстар жүргізілді. «Бала күлкісі-әлемнің көркі» аялдамасына кітап көрмесі қойылса, «Білгішбек» аялдамасында балалар көптеген қызықты сұрақтарға жауап беріп тәтті сыйлықтарға ие болды. Шебер балалар үшін «Қолөнер аялдамасы керемет бұйымдарды өз қолдарымен жасап алуға үйретсе, кітапхананың ішінде «Жас суретшілер аялдамасы» Қазақстан Республикасы суретшілер одағының Шығыс Қазақстан филиалы жанындағы балалар мен ересектерге арналған шығармашылық даму орталығының суретшілерінің туындыларынан көрме ұйымдастырып жеңімпаздарын марапаттау мен қатар суретші маман көпшілікке шеберлік сағатын өткізді.
Ал Өскемен қаласының орталық мешітінің бас имамы Ермек қажы Тасполатұлы демеушілік жасап балақайларға тәтті балмұздақтар таратты.
Әрине, балалар үшін ең қызықты сәт те осы емеспе! Сонымен қатар сөзжұмбақтар шешіп, боямақтар бояп, түрлі ойындар ойнаған бұл ерекше сәттер олардың есінде көпке дейін сақталары сөзсіз!

Deti 2 Deti 3 Deti 4 Deti 5 Deti 6
Deti 7 Deti 8 Deti 9 Deti 10 Deti 11
Deti 12 Deti 13 Deti 14 Deti 15 Deti 16

Байланыс тел.: 261-333 (119)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp