25 қарашада А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында «Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы» / «Молодежь против насилия» атты пікірталас-кездесу ұйымдастырылды.
Шара жасөспірімдер арасындағы қысым көрсету, қылмыстық әрекеттерді алдын алуға бағытталған. Жиында іске асырылған бастамаларға қорытынды жасалып, алдағы қызметтің жоспары талқыланды. Шараның мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның жолын кесу.Қабылданып жатқан шаралар туралы азаматтарды хабардар ету. Қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау.
Шара қонақтары – осы акцияның белсенді қатысушылары: қала жастары, «Үлбі» халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы, Өскемен қалалық мәслихаттың депутаты - Сания Мағауовна Аубакирова, Өскемен қаласы полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығы Дархан Рамазанович Буланов, Ертіс полиция бөлімінің ювеналдық полиция инспекторы - Гулнур Жамбыловна Тусупова, «Жастар рухы» - Жастар қанаты ШҚОФ төрайымы Қорлан Туғамбаева, «Самға» даму орталығының директоры Назым Ержанқызы Шайзанова, «Ана үйі» мемлекеттік емес қоғамдық ұйымының директоры Наиля Толеухановна Онгарбаева.
Зорлық-зомбылық өз алдына тек жәбірленушілердің құқықтарын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін теріс үлгі болып келеді. Статистика бойынша отбасындағы зорлық-зомбылық әйел адамдарға қатысты жасалады, егде адамдар мен балалар зорлық-зомбылық әрекеттерге тап болатын жағдайлар да аз емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күрес жүргізудің негізгі шарты – қоғамның көзқарасын өзгерту. Ол үшін қоғамдық сана мен қалыптасқан стереотиптерді түбегейлі өзгертіп, отбасындағы зорлық-зомбылықтың салдарына сәйкес түсінік қалыптастыру қажет, қоғамға қарсы мінез-құлықты еркімен жібермеу керек. Әрбір жазасыз қалған үй бұзақысы өзінің бойында бұдан да ауыр құқық бұзушылықтарды жасауға негіз болатын жауапсыздық сезімін дамытады.
Бұл жұмыстың сәтті жүруіне мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді, әсіресе отбасындағы зорлық-зомбылық проблемаларын практикалық тұрғыда шешумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен әрекеттестіктің зор ықпалы бар.
Бүгінгі кездесу аталмыш «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16-күндік белсенділік» Халықаралық акцияның аясында кітапханада өтетін шаралардың басы болып табылады. Шара қонақтары қоғамдағы зорлық-зомбылықпен күрес әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екенін, оның бастауы отбасы тәрбиесінен басталатынын атап айтып өтті.
Осы орайда, А.С.Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында ұйымдастырылатын шараларға қатысуға шақырамыз:
- «Үйдегі бейбітшілік - Әлемдегі бейбітшілік!»/ «Мир в доме – мир на земле» атты әдеби-экспозициялық көрме;
- Акция қорытындысы - «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ»/ «Нет насилию в обществе» атты дөңгелек үстел: 8 желтоқсан, сағат 10. 00.
Байланыс тел.: 261-333