phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Геология майталманы»: болашақ ғалымдар жобаларының таныстырылымы

«Геология майталманы»: болашақ ғалымдар жобаларының таныстырылымы

11 сәуір күні Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында болашақ ғалымдар жобаларының таныстырылымы өтті.

12 сәуір ҚР Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен Ғылым қызметкерлері күні болып белгіленді. Бұл күн биылғы жылы 125 жылдық мерейтойы аталып өтетін көрнекті геолог-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туған күнімен байланысты.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі әрқашан «тұңғыш» сөзімен тығыз байланысты. Ол қазақ тіліндегі алгебра мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, қазақтар арасындағы тұңғыш кәсіби инженер-геолог, КСРО ғылым академиясының тұңғыш қазақ-академигі, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті және негізін қалаушы, ҚазКСР Ғылым академиясының Геология институтының тұңғыш директоры, Қазақстандағы Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың тұңғыш лауреаты!
Жобалар таныстырылымын Қаныш Сәтбаевтың жарқын және маңызды жетістіктері мен оның Қазақстанның даму тарихына қосқан баға жетпес үлесі жайлы баяндайтын «Геология майталманы» ақпараттық бейнеролигі ашты.
Презентация сессиясында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Физика және технологиялар» кафедрасының студенттері өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды. Жастар өз идеяларын, әзірлемелері мен зерттеулерін қорғады. Мұнда Герон субұрқағы, астрономиялық мұражай жобасы, үйде барометр жасау, литотерапия жобасы, жеке үйді қашықтықтан басқару және т.б.
Сондай-ақ, ең жас зерттеушілер де өз ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Олар – Күршім ауданы, Күршім ауылының № 3 мектеп-гимназиясы оқушылары көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған ультрадыбыстық білезік ұсынса, "Ахмер орта мектебі" оқушылары өсімдіктерді өсірудің тиімді әдісі – гидропоника туралы айтып берді.
Ел Президенті Қ.К.Тоқаев жастарға арнаған сөзінде еліміздің болашағы техникалық мамандық иелерінде екенін атап өтті. А.С. Пушкин атындағы кітапхананың техникалық үйірмелері мен шығармашылық алаңдарында жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға тырысып, жастардың политехникалық ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі, балаларға қабілеттерін жан-жақты ашып, ең батыл идеялары мен жоспарларды жүзеге асыруға себепші болады. Кім біледі, қазіргі талантты балалардың бірі болашақта атақты ғалым, қазақ даласының данышпан ұлы – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ісінің жалғастырушысы болуы да әбден мүмкін!

Геология майталманы 1 imp Геология майталманы 3 Геология майталманы 4 Геология майталманы 5 Геология майталманы 6
Геология майталманы 7 Геология майталманы 9 Геология майталманы 10 Геология майталманы 11 Геология майталманы 12 Геология майталманы 13

 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp