А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында «Пушкин және Абай: ұлылар үндестігі» зияткерлік ойыны өтті.
Іс-шара наурыз айында басталып, маусым айында бастау алғын «Қазақстандық Пушкиниада» шығармашылық фестивалі аясында өтті. Фестиваль А.С. Пушкиннің 225 жылдық мерейтойына орай Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігінің бастамасымен өткізілуде.
Зияткерлік ойын сайыс түрінде өтіп, қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Ойын үш кезеңнен тұрды - " Жаттығу. Батырлар қызығушылық танытады...", "Пушкин және Абай: ұлылар үндестігі", "Пушкин және Қазақстан".
Сайыс барысында екі ұлы классиктің мұрасын зерттеуде, кітаптар ойыншылардың сенімді көмекшісі болады. Балалар өздеріне қойылған сауалдардың жауаптарын іздеп баспа көздеріне зерттеу жүргізіп, дайындалған кітап көрмесіне жүгінді.
Сайыс қорытындысы бойынша гран-при «Друзья Пушкина и Абая» командасы (№36 мектеп), I орын «Знатоки классики» командасы (Л. Гумилев атындағы №38 гимназия ), II орын «Друзья парадокса» («Исток»), III орын «Пушкинисты» (№39 мектеп) командасы иеленді. Сондай-ақ, белсенді қатысушыларға «Эрудит-зритель», «Эрудит-капитан», «Эрудит-игрок» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.
Қатысушылар екі данышпанның өмірі мен шығармашылығынан фактілерді білу, кітаппен жұмыс істеу және ондағы ақпаратты жылдам табу бойынша сайысқа түсті. Команда мүшелері мен көрермендер өз білімдерін сынап қана қоймай, өздеріне көптеген жаңалықтар ашты.
Байланыс тел.: 26-13-33