15 және 16 мамырда А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында ауылдық кітапханашыларға «Кітапханалардың заманауи даму тенденциялары» тақырыбында семинар өтті.
Кәсіби тағылымдама барысында әріптестер А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының өлкетану интернет-ресурстары туралы білімдерін өзектендірді. Олар: «Шығыс Қазақстанның өлкетануы», «Шығыс Қазақстан: танымал есімдер», «Біздің Абай», «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары». Ұсынылған сайттардан фактографиялық және толықмәтінді өлкетану ақпаратын іздеу пысықталды. Өлкетану білімін насихаттау, өлкеміздің тарихына танымдық қызығушылықты арттыру үшін облыстық кітапхананың Өлкетану бөлімінің қызықты, жаңа жобаларымен танысты.
Сонымен қатар, кітапханашылар пайдалы ресурстармен (соның ішінде республикалық және облыстық маңызы бар толықмәтінді электрондық кітапханалармен) танысты, бұл жергілікті кітапханашыларға пайдаланушыларға арналған ақпараттық қызметтер спектрін кеңейтуге және кітапханалық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. «Сөредегі инновация: нейрожелілер кітапхана жұмысында» тренингінде кітапханашылар нейрожелілермен тікелей жұмыс істеуге, олардың әлеуетін іс жүзінде көруге және бұл технологиялардың ауылдық кітапхана жағдайында қолжетімді және қолданылатынына көз жеткізуге мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, семинарға қатысушылар фактчекерлер рөлінде өздерін сынап көрді және логикалық операторларды қолдана отырып, ақпаратты тиімді іздеуге және фото- және бейнематериалдарды тексеруді үйренді.
Семинар барысында кибербуллинг сияқты әлеуметтік маңызы бар құбылыс тақырыбы да қамтылды. Кибербуллинг дегеніміз не, ол қалай және қандай формада болады, онымен күресу және алдын-алу шаралары және ересектер қалай көмектесе алады? деген сауалдарға жауап алынды.
Әрине, кітапханашының күнделікті жұмысы - кітапхана көрмелерін ұйымдастырумен кітаптарды көпшілікке насихаттаудан бастап заманауи технологияларды қолдануға және «Мәдениет саласындағы мониторинг көрсеткіштері» базасы бойынша қашықтан есеп беруге дейінгі мәселелер де назардан тыс қалмады.
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)