phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Зұлмат жылдар елесі

Зұлмат жылдар елесі

31 мамыр – ел тарихынан ерекше орын алатын күн. Кітапханада ұйымдастырылған «Зұлмат жылдар елесі» интерактивті әдебиеттер көрмесі Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ұжымдастыру жылдарындағы ашаршылық тарихына арналады.

Көрменің «Зобалаң жылдар зары» бөлімі КСРО-да жүргізілген түбегейлі реформалар мен олардың қазақ даласына тигізген зардаптары жайлы материалдарды жинақтаған. Оқырманның жоғары сұранысына ие «Ашаршылық. Голод» бес томдығы солақай саясаттың ауыр салдарының бірі – қазақ даласындағы аштық жылдарына байланысты құжаттарды ұсынса, тарихшы С.Әкімбеков «Казахи между революцией и голодом»,  В.Михайловтың «Ғаламат жұт шежіресі», Е.Мағауиннің «Сары кітап» және т.б. кітаптар осы тақырыптың жалпы келбетін көрсетеді.

«Датталу мен ақталу» бөлімі қуғын-сүргіннің алғашқы құрбандары – ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларына арналады. Ф.Осадчегоның «Бессмертный командарм Турксиба» кітабы мен «Турар Рыскулов: государственная деятельность и политические воззрения» монографиясы  1938 жылы «Халық жауы» деп танылып, атылған жарқын саяси қайраткер, дипломат, тарихшы Т.Рысқұловтың өмірі мен қызметі, қайраткерлігін сипаттаса, «Мухамеджан Тынышпаев. Политические выступления, научные труды, документы» еңбегі 1930 жылы жалған ақпаратпен қамауға алынып, қуғын-сүргінге ұшыраған тұңғыш қазақ инженер теміржолшысы, көрнекті саясаткер, тарихшы М.Тынышпаев туралы баяндайды. Көрмеден қазақтың «Үш бәйтерегі» атанған халқымыздың көрнекті тұлғалары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин және Б.Майлиннің шығармалары мен «Би аға», «Ильяс Жансугуров: документы, письма дневники», Т.Кәкішевтің  «Сакен Сейфуллин» атты кітаптары да орын алған. Оқырман назарына ұсынылған басқа да деректі материалдар, статистика жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған қазақстандықтардың тағдыры, Қазақстандағы ірі лагерьлер жайлы әңгімелейді. Бөлімде Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық әскери тұтқындардың тағдыры туралы маңызды және аз зерттелген тақырып та қамтылған.

Этникалық депортация репрессиялық шаралардың жалғасы болды. Көрменің «Ұлт ұлысқа ортақ үй» бөлімінде ұсынылған басылымдарда жетекші мамандар құжаттарға сүйене отырып, Қазақстан екінші Отанына айналған этникалық топтарды депортациялау процестерін талдап, сипаттайды. Көрмеден саяси қуғын-сүргін жылдарында Шығыс Қазақстан жеріне жер аударылған этностардың тағдыры туралы сыр шертетін Н.Крутованың «Евреи на земле Восточного Казахстана», Н.Цойдың «Белорусы в Восточном Казахстане», «Воспоминания», Л.Бургарттың «Из истории немецких поселений в Восточном Казахстане» және т. б. туындыларды табуға болады. Е.Іргебай мен Д.Мұхамедханның редакциясымен жарық көрген «История страны в судьбах людей» кітабы жер аударылғандардың ұрпақтары, куәгерлердің жеке әңгімелері арқылы тақырыпты аша түседі.

Барша қалалықтарды тарихтың «ақтаңдақ беттерін» айшықтайтын дереккөздер мен материалдардан құралған атаулы күнге арналған кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. 

 3116  31 3  31  3114  3115
         

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp