phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Сен: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

 Өскемен – махаббатым, мақтанышым!

Өскемен – махаббатым, мақтанышым!

27 тамыздан бастап  кітапхана «Өскемен – махаббатым, мақтанышым» / «Хочу признаться городу в любви» атты мерекелік кітап көрмесін тамашалауға шақырады.

Сүйікті оқырмандар! Сіз ЖМК, ҚМК, ҮМЗ, ТМК, ҚЖИ сияқты қысқартылған сөздерді жақсы түсінесіз бе? Согра, Бабкина мельница, Отрываловка, Кочегарка, Аблакетка, Комендантканы білесіз бе? ШҚО балы – әлемдегі ең үздік бал екеніне күмәніңіз бар ма? Сіз 45 градустық аяздан қорықпайсыз ба? Сондай-ақ, Өскемен – қазақстандық хоккейдің отаны, ал әлемнің ең әдемі қыздары біздің қаламызда тұратыны да Сізге мәлім болар?  Қымбатты достар, Сіздер мен біздің әсем қаламыздың құрметті қонақтары үшін – Шығыс Қазақстан орталығының өткені, бүгіні және болашағы кітаптар, журналдар мен бай безендірілген альбом беттерінде, тарихи және заманауи фотосуреттерде ұсынылған.

Өскеменнің құрметті тұрғындарының қалалық аңыздары мен естеліктері, жарқын тұлғалардың тағдыры мен жерлес жазушылардың шығармашылығы, пайдалы мәліметтер мен таңғажайып фактілер, сондай-ақ әсем қаламыздың тамаша беттерін есте сақтауға мүмкіндік беретін танымдық викторина да көрме бағдарламасында бар.

Сіз де біздің қаламызға немқұрайлы қарамайсыз ба? Ендеше, аталған көрмеге шақырамыз! Бұл – біздің ғажайып өлкеміз бен әсем қаламыздың өткеніне саяхат жасаудың, оның адамдары – шынайы жасампаздары мен тарихының жасаушылары туралы мәлімет алудың таптырмас мүмкіндігі. Экспозиция кітапхананың бірінші қабатында орналасқан. Баршаңызды күтеміз!


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp