8 қазан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Шығыс Қазақстан және Ленинград облыстары балалары мен жасөспірімдерінің X Халықаралық форумының ашылу салтанаты өтті.
Жобаның мақсаты – екі ел оқырмандары, балалар мен ересектер арасындағы мәдени диалогты қолдау, заманауи кітапхана саласындағы инновациялар жайлы ақпарат алмасу.
Жоба аясындағы биылғы жылғы кітапхана қонақтары: жоба координаторы – Степанова Людмила Валентиновна, Ленинград облыстық балалар кітапханасы қызметкері (Ресей, Санкт-Петербург қ.) және жазушы, биолог, психолог Екатерина Мурашова (Ресей, Санкт-Петербург қ.).
Жоба аясындағы шаралар 9-қазан – Шемонаиха ауданында, 10-қазан – Серебрянск қаласында; 11-қазан – Глубокое – Белоусовка ауылдарында, 12-қазан – А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада жалғасын табады.